34

Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

  • Upload
    others

  • View
    8

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,
Page 2: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Совет Ә м Д ү м е

ЬІҚЫЛАС

аЛ Н Ң Д Е Р •

А Л МАТЬГ . '*Жазушы» -

1984

Page 3: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Р е ц е н з е н т т е р :А. БАКТЫГЕРЕЕВА, Ә. АКПАНБЕТОВ

Әлімқұлов Совет.Ә 55 Ықылас: Өлеңдер.-

шы, 1984.—64 бет.■ Алматы: Ж азу-

Ақын Совет Әлімқұловтьщ «Ықылас» атты бул жаңа кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге туған жер, коммунистік партия, ецбек адамдары туралы, екінші бө- лімге жастық шақ. махаббат, өмір туралы влевдері ,топ- тастырылды. ..

Каз 24702230200—24

Бірінші бөлім

Page 4: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

* * *

Елімнің еркін өскен баласымын,: Сүйемін шуақты өмір жарасымын.

Жисам деген ақ ниет үстіндемін, ■ Бойыма дүниенің бар асылын.

Қуаныш жүрегімді көп бөлеген,Жерім жоқ тағдырыма өкпелеген. Қомағаймын жақсылық атаулыға, Жақсылықтар, алыстап кетпе менен.

Бағымнан жеміс беріп сүйікті елге, Барымды төксем деймін үйіп төрге. Өзгелердей мен де алға ұмтыламын, Шықсам деіг бас айналтар биіктерге.

Сол үшін таласымын, ,.' айқайласам,

Сол үшін жөн бе көл. боп шайқалмасам? Өмір кешіп өткенде мұратым не,Гүл 'атып, жеміс байлап, жайқалмасам?!..

ТУҒАН Ж ЕР

Луговойдың балғын майса қүрағы,Қыз көзіндей мөлдіреген бүлағы, .Жусап жатқан жылқы сынды жотасы, Қайда жүрсем көз алдымда түрады.

7

Page 5: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Туған жердің мен үшін жоқ ызғары, Жаныма ыстық борасыны, мүз, қары. - Қайда жүрсем көз алдымда тұрады,Тоқ балтырлы, құмырсқа бел қыздары.

Туған жерге мекен бар ма теқ келер, Соны жырлап өтем — болса менде өнер. Қабда жүрсем көз алдымда түрады, Бидай вңді, құлын мүше жеңгелер.^

.Туған жердің құлағыма сазы егер жетсе, шабыт, жүрегімде қоза бер. Қайда жүрсеи көз алдымда турады,Ақ кимешек,Қара қамзол,Әжелер...............

Туған жерім, _ - туған елім,

киелім,Тірі жүрсем 'болмаспын мен сүйелің,Өзің үшін биіқ ұстап Ар туын,Өзің үшін жанып отқа, күйемін.

СУСАМЫР

Қандай ғажап, ж аз жайлауы Сусамыр, Тау беткейін қаптай өскен шырша-гүл. Төбеде тур бозша торғай ән толғап, . Желпінбей көр шаттық бойға сыйса.бір.

Көк майсаға тұнып сұлу түрса қыр, Асыр салмай таба алады кім сабыр. Ж отада қой, ойда жылқы жусаған, Қандай ғажап, ж аз жайлауы Сусамыр.

Жан түкпірін арайлантып, жуса нұр, - Жүректе ойнап жаңа шабыт, туса жыр.Сенің берген ләззатың деп ұғамын,Жер жаннаты, жаз жайлауы Сусамыр!

Ж ЕҚІС КҮНІ

Жеңіс күні,жан әкем оралмады,

Жанымның көктемеді мол арманы.Көп үйлерде жатқанда шаттық шалқып, Біздің үйді орады боран мәңгі.

Не деген қиын еді нала күйік,Бір уыс боп тұрды анам қара киіп. Қарындасым екеуміз жылай бердік,; Сол кездегі бейкүнә бала киік.

Аян ғой салтанаттың жиын мәні,Кеп үйдіц кетіп жатты қиырға эні.Кеп досым киіп шыққан пилотканың, Қайтейін маған бірі бүйырмады. \ /

Нұрлантарсын, жүректің төрін қайтіп, Жан жараны қасірет тұр ұлғайтып. Көрші үйге қуанышқа барған қарттар, Біздіц үйге кеп жатты көңіл айтып.

Көрмедік бұл соғыстың қай қысымын, Қуанышы жүз болса, қайғысы мың, Деді қарттар анама,— қой, жылама, Аман болсын қызың мен жалғыз үлың.

Енді қайтып көрмесін жер үсті мүк, Арайын тұрсын тегіп келісті күн.

9

Page 6: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Деді қарттар анама,— қой, егілме, Жаман ырым бастама, жеңіс — бүгін.

Білеміз кеудеңде — өрт, ішің — жалын, Сөкпейміз үгілгенің үшін, жаным.Отан үшін жүрегін қалқан еткен,Елмен бірге,

өлген жоқ, түсін, жарыц.

Ер влмейді, жорыма теріс мұны,Артта қалған жайнайды тегіс гүлі, Солардың қаныменен келгенін үқ, . Бүгінгі кепке қымбат жеңіс күні.

Үлкендердіц қайтармай сөзін күтіп, Бойын басқанзіл қара сезімді Іркіп. Бізді алып оттай ыстық қүшағына, - Асыл анам жұбанды көзін сүртіп.

Асыл анам жүбанды қуаттанып, Қарттар төрде отырды сыр ақтарып. Шай қайнады, жайылды кең дастархан, Терезеден төгілді шуақ тамып...

АРДАГЕРЛЕР

Ардагерлер —ҚажырлыБүгінгі ерлер, -

. Қызыл Ту ұстап алға^жүгіргендер,Ел үшін омырауын оққа тосып,Неше өліп, неше мәрте тірілгеидер.

Ардагерлер —Қайыспас ' ■ -Биік емен,

Алысқан ала қүйын дүниемен.Келешек тартпасын деп ауыртпалық Барлық зілді көтерген иығымен.Ардагерлер ,Айтса ертек —- . •квргеидері,Табандары таймаған өрден кері.Сықғырлап сыр шертеді жиындарда,Кеуде толы жарқырап ордендері.

Ардагерлер, ақылшы,' . қоргаисыңдар,Жолдарың үлкен тарих, толған сырлар.Бойдағы бар жемісін елге сыйлап, Селдіреп бара жатқан ормансыкдар.

ПАРТИЯ

Партия — қалың бүлтты қуған түріп,Сөнбейтін Күн көгімде түрған күліп. Партия — заманымнық ақыл, ойы,Әлемді келе жатқан нүрландырып.

Партия — бақыт маған ой ағысын, Одан нэр ап қанатык жаяды ісім.Апарар алдағыма адастырмай, _Өмірімнің өшпейтін маягісің.

— Даланын оранбасын отқа бэрі, 1 Е с с ін д е п ,— дүниенің шат хабары,—Партия — әлемдегі еқбекші елдін,Түрсың болып көк сауыт, оқ қағары.

Көгертіп талабымның бұтақтары, Жанымда ж ата берсе тұтап дарык.Мен әлі «Партия» деп жырлар жазып, . Толтырам тарихымның кітаптарын.

Page 7: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Гүлін жарып жайқалып үміг бағы, Таңдарым ата бермек күліп тағы.Бізге мэлім жылжып жыл өткен сайын, Қырғи қабақ соғысты ел үмытпағы.

Дүниені достықтьщ орап әиі, Көңіл-сандық шаттыққа толады әлі. Өмірде шырын еміп өскен үрпақ Ащылықты білмейтін болады әлі.

Жер бетінен соғыстың бедері де , ■ Ж оғалады,

кұрғырдыц керегі не?Жойылады көздердің құртын алған, Қүнсызданып ақшаныц беделі де. ~

Өтеді ж аз, өтеді талай күз кеп,Кірпішін сәнді өмірдің қалаймыз көп. ' Сенемін «бомба» сөзін кейінгі үрпақ, Түсінбей сездіктерден қарайды іздеп.

Сэулетті бақшасы бар мәңгі гүлдер, Тамаша бүгіннеи де алғы күндер.Қой үстіне бозторғай жумыртқалап,. Шалқиды бейбітәні барлық тілде.

КОММУНИСТІК САНАМЕН

Көтеріп Үран елдің бәріне ыстық, Ғарышқа құсша қанат қағып уштық. Келеміз «соғыс» деген свзді ешіріп, Санамен, ақыл-оймен Коммунистік. -

12 -

Алтын таң бізге басын атады иіп, Шайқалмай шаттығымыз жатады уйып. Семсердеи соқа соғып,

танктерді,Трактор жасаудамыз қайта қүйып.

Эр минут қымбат сондай, уақыт тығыз, (Төгілген терді ырыс қып шалқытты күз). Ата-баба қиялдап аңсагі өткен,Жетектеп жүрміз теңдік, бақытты біз. 4

Көтеріп Үран елдіц бәріне ыстық, Ғарышқа құсша қанат қағып уштық. Дүниёге туыстық дәнін егіп Келеміз ақыл-оймен Коммунистік. -

,* * *

Армысың, ауылымның адамдары, Мейір гүлін шашатын мағак бәрі. Ащы терді аямай сендер үшін,Өлеқде сынап жүрмін шамамды элі.

Қиындықты көрмейтін жулығынан, Өздерің деп саламын қүнығып ән. Шыңырау да қазамын қар талдырып, Жутқызайын деп оның тұнығынан.

Алақан көлдіретем тас та қашап, Турады биік мақсат баста ғажап. Жолы ізгі, қолы зергер жігіт болсам, Болмаспын жауға таба, досқа мазақ.

Осылай жанымды жеп азаптанам, Мейлі, бақты бұдан аз-ақ табам. Сонда да сендер үшін жүк арқалап, Сендер үшін қайысу ғажап маған!

13

Page 8: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

/ -

ДИХАН ҚУАНЫШЫ

Қуаныш бар диханда тұрған дара,Көз алды сары алтынға түнған дала. , Көк төсінде көп тырна қиқулайды,Көз тастап егіндікке қүмарлана.

Төгілген тер ырыс боп төлеиіп бір, Жатыр дәнге оранып, кенеліп қыр.Ен даладан ен дэулет демін тыңдап, Дихан жаиы шуаққа беленіп тур.

Оның тартып барады алысқа әні,Бүл өзі тегін емес, табыс мэні.

■ Көнілге себелейді мақтан сезім ,.Дән арқалап даланың қайысқаны.

Биыл да ырғалады егін бігік,Дән байламай қалмапты тегі бір түп. Қүт дарыған далаға тояттанып, Қулімдёйді молшыльіқ дихан күтіп.

Б1Р ҚҮРДАСҚА

Жырла, жырла, жастық шақта ал, ақын : Кезің ғой бұл талмай ұшар қанатың.

Асықпауға емес мүрша беретін,Өмір шапшаң айналдырып сағатыи.

Талап барда; шабыт барда өзіцде, Жырла, жырла ерік беріп сезімге. Әттең-ай деп опык, жеме, тіл тістеп, Самайыиды қырау шалған кезіңде.

Ж ол тосады қиын өткел, неше сын Амандықта қилы тағдыр кешесің.

; и

Тірлік барда уақыг-желден үтылма, Кейін жүрме толтыра алмаи есесін. '

Бізден мэуе күтеді кеп халайық,Біз де гүлдеп бітік жеміс салайық. - Ар-ожданмен өтеп міндет-парызды, Алғы күнге өкінішсіз барайық.

* *

Туған жер — биік мерей, бақ көремін, Өзіңнен қайнар шабыт тапты өренім. Сенде жүрсем гүлденіп,Сенен кетсем,Нәрінен айрылады тэтті өлеңім.

Туған жер неткен ыстық асыл атың, Кең далаң от боп көзге басылатын.

. Сағынғанда жыл құсы секілдімін, Жеткенше үясына асығатын.

Туған жер қасиетті ен өзің нендей, , Сенсіз жүрек жетімдік сезінгендей. Басқа жерде қүс мамық тас боп батып, Мазам кетіг! жүремін көзімді ілмей.

Қолыма үстатып сен талап туын, Зердеме құйып бердіқ қанатты ұғым. Сондықтан да өзіңнің жақсылықпен, Атыңды шығаруға жауаптымын.

15

Page 9: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Тыныштық керек, >_мылтыққа, адам, жолама,

(Ол бар жерде шапағат, мейірбола ма?) Жыртылмасын жер беті тұнған сұлулық, ' Қуаныш гүлін қазан боп үрма, тонама.

Үстама мылтық,баспа оның қанды шүріппесін,

Адамға сенген алаңсыз тірлік үрікпесін. Үстама мылтық, үйыған сүттей тыныштық, Шайқалмасын, -

болашақ үрей күтпесін.I

Әр үйдің ашсын, жақсылық күліп есігін. Түймесін қабақ, мөп-мөлдір өмір төсі күн. Жүзінен жылы төгіліп шуақ

аналар,Бөбегін бөлеп, тербесін әнмен бесігін.

Далиып жатсын айылын жимай дала пац, Тесінде гүлдер жайқалсын жайып алақан. Бүзылмасын базары барлық құстардың, Жумыртқа шайқап, өргізе берсін балапан...

Үстама мылтық,қарумен бақ жоқ түзелген,

Есте түр әлі дүние қирап, күйзелген. Мылтықты ертеқ

- көргісі келсе келешек Іздесін оны әскери ескі музейден.

If) 2-6801

Page 10: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

ТЫРНАЛАР

Жеттіңдер ме есен-сау, тырналарым, Жақсылықтың жетектеп бір хабарын? Келіндер, ырыстарың — көк шалғын мен Қызғалдақ шықты биыл.қырға қалың,

Қандай сұлу тізіліп ушқандарың,Көруге ездеріңді құштар жаным. Келіңдер, ьінтымақшыл көк еркесі, : Сендердің жоқ булж ақта дүшпандарың.

Тёсінен жай усынса дала ғашық,Су береді көздерін бұлақ ашып. * Келіңдер, тоқ бүйірлі жота-қырға, Балапан өргізіңдер уя басып.

Тұзақ жоқ өздсріңді устар мунда, Сұлулыққа әр адам құштар мунда. Сағынышты көңілмен құшақ ашып, Қарсы аламыз туған жер қустарын да.

БОЗТОРҒАИ

Безілдей шықты дауысың, Бозала таңнан қубылып. . Бармақтай қусым, саумысьің Қалғаннан көкте ілініп?

19

Page 11: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Жанында бар ма күйік көп, Жоғалтып сабыр, тағатты? Барасың шырқап, биіктеп, Безілдей қағып қанатты.

Шырылдап кеттіц, мүның не, Күншуақ жаның тілей ме? Түсінбей түрмын 'үніңе,Тола ма ащы үрейге?

Сүйсіне әлде тамсанып,Сіміріп мелдір ауаны, Қүйтымдай жүрек эн салы п,' Түрмысың шайқап даланы?

Турмысың әлде шаттанып, Әнінмен көкті суарып? Жарқырап таңның атқанын, Ж ария етіп қуанып?

Әйтеуір төкпе күй осал, Бармақтай бозша торғайым. Кеудеме меніқ үя сал, Қауіптен барлык. қорғайын.

ТҮН

Селт етпейді тау жырақ, Шықпайды ешбір дыбыс түк. Мақпал түн түсіп, маужырап, Биледі маңды тыныштьіқ.

Жүлқылай гүлін бау-бақтын, Мазалар жел де жуасып. Оттары ауыл-аймақтын,Бір жумды, көзін бір ашып.

Тыншыды, шуы тиылып, Толқыған көл деж арды үрып. Қайың-тал тугел бұйығып,

' Үйқыға бойын алдырып...

Әу, деген шошып даусыңнан, Түсердей бейқам ман аунап,Күндізгі күйі таусылған, - Мүлгіп тур дала манаурап.

ІЗТАИҒА

Сені іздейді Табанталың, Тастағың, Сені іздейді көкшіл, мөлдір аспаның. Квп жапырақ көзін ашқан көктемде, Сені кұтіп жаутацдайды достарың.

Сені іздейді бітпен қалған отты елең, Сені іздейді гүлін жайып көп белең. Оралғанда тыраулаған тырналар, Сені күтіп жаутақдайды Ақтөбең.

Өршіл жырға толы еді ғой езегің, Сол үшін де сүйген сені өз елің. 'Сол үшін де күдер үзбей келер деп, Сені іздейді далаң, тауың, езенің.

Шабыт-қайнар бастауынан нәр алып, Қанат қақса жаңа бір ән таралып. Сені іздейді студенттер ортасы,Сені іздейді «Қара көздер қалалық».

20 21

Page 12: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

АҒА

Сенсің, аға, таянышым— миятым, .- Бойыма күш, ойыма нүр құятын.

Сенсіц, аға, менің жансақ ісіме, Қып-қызыл боп өртенетін ұятым.

Сен түрғанда биік кеудем — аспаным, Ойламаймык қонады деп басқа мұч. Сен тұрғанда қолтығымнан дем' беріп, Ж арасады шалқып алшаң басқаным.

Сен тұрғанда басылмайды менде екпін Өзің барда кімге жеціс бермекпін.Өзің барда, арқа сүйер асқарым, Бақыты зор, ырысы мол «тентекпіп». '

Ақылымен жүрегіңе нұр себер,Бақыт екен алдыңда ағаң жүрсе егер. Аға, мені еркеліктен айырма,Мейлің ұрып, мейлің.сөгіп, ұрса бер.

ҚҮЛАН

Тандыры кепкен даланың ' Тақыс боп өскен пырағы, Қусырып жердің танабын, Құйғуға бёйім'тұрады.

Аңғартар құйттай көл кейпін Ж алт та жұлт еткен жанары. Қас қағым сәтте ол дейтін,‘ Күншілік жерге барады.

Жүлдыздай ағар жөні бар, Ж аралған жүйрік о бастан.

22

Мінезі тарпаң жануар, Жарысып желмен квз аш қан ..

Үқсайды асау тасқынға, Қүлағы көкке шаншылып. Жүйткісе тұяқ астында, Ж атады тас-құм жаншылып.

Қалмайды оны жол бөгеп, Ж ырадан қарғып өтеді.Дүние сонда дөңгелеп, Дөңгелеп сонда кетеді.

...Күн сүйген байтақ өцірде Жарысып желмен құлан жүр. Еншіме менің өмІрде Тие ме сондай пырақ-жыр?!

АРАЛАР

Тереземшң түбіне, 1Өскен алма гүліне, |Кеп аралар қонады, — 1 Үшып келіп күніге.

Бұларда жоқ іштарлық, Бар өмірге құштарлық. Сөлден шырын жасауға, Жұмсалады күш барлық.

Гүлді артық сыйлайды, Жапырағын қимайды. Көзге ілінбес тозаңнан, Ерінбей бал жинайды.

Page 13: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Өздері тым келісті, Білмейді ұрыс-керісті. Ынтымағы жарасқан, Еңбегі де жемісті.

.* * *

Сиқырлы нендей күш бар өзінде ерек, Сен десем менде оянар сезім бөлек. Ж алт-жұлт еткен танадай жанарыңның, Тузағына түспеуге төзім керек. ,

Бір өзіңде тамаша кемел кврік, . Қызықсам да сабырға келем көніп,Тек қана кеңілімде ала қүйын, Ағыл-тегіл өлеңге берем ерік.

СЕЗІМ ҮШҚЫНДАРЫ

Тәнге түскен жараның, Қалатынын ұмытпа.Бал сыйлаған араның, Шағатынын үмытпа.

* * *

Ақылдыныц алдында, Аласа бол, тұйық бол, Ақымақтыц алдыида, - Асқар тау бол, биік бол.

* * *

Басыңды име қасыца, Кәдіріце жетпейді.

24

Қатты келме досыңа, Қиып сені кетпейді.

* * *Болсаң жігіт сезімді, Мына сөзді пайымда, Бүгінге емес өзіңді, Болашаққа дайында.

' S*' * *

Биік тауға қүмартпа, Ол да тозып шөгеді. Ақымаққа сыр айтпа, Абыройды тегеді.

* * * '' Есті болып түрып-ақ,

- * Есерсоқтық істедім.

Кадіріңді түрайын қайтіп үқпай,Асыл жаным, өзіме кір жуытпай. Қанатыңмен су~бүркіп, оттан қорғап, Келдің мендік сезімді бір суытпай.

Өзіңді еске түссе жасытқаным, Шығады басыма ойнап, тасып қаным. Өр кеудем де сол сәтте аласарып, Л\үң түрады көңілді басып калың.

Бүгінде.үл-қыз сүйіп, гул өсіріп, Қелеміз бақ шыңына бірге шығып. Қаншама кесір мінез кетті менен, Көтере білдің бәрін сен кешіріп,

25

Page 14: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Сен екенсің түсіндім асыл ием,Саған бар жақсылықты тасып, үйем, Сен екенсің шын серік, жаны бірге, Жанашырым, алдыңда басымды ием.

* * *

Ол кезде қызық еді-ау,~■Уайымды білментіибіз. Кеудеде жузіп алау, Көркейіп гулдейтінбіз.

Кештің де сэні бөлек, Қызыққа тоймайтынбыз, Ауылды энге бөлеп,Ақсүйекойнайтынбыз.

Кес-кестеп қыздың алдын, • Оңаша шығатынбыз. Түбінде жалғыз талдыц, Сырласып түратынбыз. '

Маужырап түн жамылып,, Ауа да шайқалмайтын. Уақыттын алға жылжып, Өткені байқалмайтын.

Ж астық шақ алып-үшып, Қайырылмай кеткені ме?' Сол күндер сағынышқа, Айналып өткені ме?

26

. і • ■■ - Біздің қарттар алған беттен қайтпайды Бір сөйлейді, еірэ, екі айтпайды.Тұрса мейлі қылша мойын тұзақта,Tie жармайды, қимас досын сатпайды.'

- NБіздІң қарттар өңдерінен нұр тамған, Бойларында жігер тасып, бүрқанған. Ынтызары — қалампырлы кең дала, Жусан исін санайды артық жүпардан.

Ғұмырында олар жалған күлмейді, Аярлықты, азғындықты білмейді. Тілейтіні — бүтін елге жақсылық, Жақсьілықтан тамыр тартып гүлдейді.

Біздің қарттар даналықтың кеніші, Қатуланса — қара еменнің беріші.

- Ж адыраса — уыз таңныц шапағы,Ақ тілеуі: «Аман болсын ел іші». '

4 ■ , : * * * .

* : 'Мэңгілік саналатын жаныма азық, Қелемін өмірімнің энін жазып.Сонда да ой-мұхиттан інжу таппай, Көңілім бәсең тартып, жүр қулазып.

Түсінем отты өленнің мәнін терең, Оған жан қызуының бэрін берем. 4 Қызыл қүмға шашылған тары-сынды, Ойлардың жалықпастан дәнін терем.

Қүшағына алды жыр ерте мені,Өсір деп меніменен мэртебені.

27

Page 15: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Содан болар бос өткен күндеріме,Ет бауырым езіліп, вртенеді.

Жазу-азап өмірлік сүйікті елец,Онымен асыл бақыт биіктеген.Жүрегім жырға іцкәр болғаннан сон,Амалсыз алауына күйіп келем.

Ж ҮРЕГІМ ДІ ТЫҢДАШЫ

Жүрегімді тыңдашы: жас балапан,Өсіп-толсыншы деп соғады.Қара булттан аспан аман Болсыніііы деп соғады.

Жүрегімді тыңдашы: гүлін ашқан қызғалдақ, Қурай көрмесін деп соғады. . ‘Көк желек алқа тізген бақ Шулай көрмесін деп соғады.

Жүрегімді тыңдашы: сырлы күй шерткен домбыра, Сынбасын деп соғады.Қалыц ел сазын балбырап -Тыңдасын деп соғады. ' . - '

* * *

Үмытуға сені шамам жетпеді,Сені ойға түсірмей күн өтпеді. Иегіцнің астындағы жалғыз мек, Қайда жүрсем көз алдымнан кетпеді.

Не кінә бар жатса уақыт зуылдап, Қайда көңіл саған деген суынбақ? «Сүйем> деген әлсіз сөзІң элі де Қүлағымның түбінде тұр шуылдап.

28

Сақтай берем мен қашанғы түйіп сыр, Ойға түссе кетем жанып,

күйіп бір. ' «Жаным» деген нэзік үнін элі де Жүрегіме жылы шуақ қүйып түр.

* * *

Көктем күні майда шуақ төгеді, Төңіректі қүстар энге бөледі. Босанғандай бусанады Жер-Ана, Тал біткендер тісін жарып келеді.

Көнілдегі көп арманды тёрбетіп, Жымыцдайды мөлдіреген көл беті. Сүлулықтың қүлпын ашып, керемет, Ажарланды қыр-жотаныц келбеті.

* *

Күрсіне көрме, аяулым, Күрсініп мені налытпа. Түсірме жанға қаяу-мүң, Тарынған кейіп танытпа.

\

Қабақ та түйме, жадыра, Көзінде күлкі ойнасын. Қуаныш гүлдеп, жамырап, Кеудеде қүстар сайрасын.

Жабырқай көрме, жарқылда, Жүректі жырға бөлейін. Өзіңді ашық қалпыңда, ; Қашанда, еркем, көрейін.

29

Page 16: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Менімеа бағың жанды ма, — Ризамысың бұл күнге? Обалыңа әлде қалдым ба,Олай да болу мүмкін бе?...)Қадіріңе сенің жеттім бе, Көңіліңнен шыға алдым ба? Жаныңа шуақ төктім бе,Ж оқ әлде қаяу салдым ба?

Өкпелі емес, шатпысың, Менімен өткен әр жылға?

-Реніш айтқан жоқпысыц, Біздерді қосқан тағдырға?

О, баста қүлай сүйіп ем, Сүйылтып алған жоқпын ба? Шынардай тіп-тік, биік ең, . Нілтіп алған жоқпын ба?

Ойланып қалам үзаққа, Саламыз қанша гүл әлі. Маңдайьща түскен сызатқа, Мен емеспін^бе кінәлі?! ,

Мен үшін бақыт сен ғана,Сен барда мүцды білмеймін. Жанымда жүрсең нурлана, Жапырақтап ылғи гүлдеймін.

Жүрсін десең алаңсыз мені егерде, Жанарыма жас болып келе берме. Үйьіқтағанда ғажайьіп түстер сыйлап, Қызғалдақты ертіп шық төбелерге.

30 -

Әлдиле сезімге бан ән күйіңмен, Көрмейін бұлт қабағын сәл түйілгеи. Шашымды сипай берсін' алақаның, Ж астық етіп тізеңді қалғиын мён.

Қайдан болсын сезімтал кісі берік, Қит етсе көзден жас боп түстің еріп, Қайда журсең есіце ал мен бейбақты, Жиі-жиі жүр, жаным, түсіме еніп.

Жанымда шешек атып жаз толайым, Өткен күн өкінішін қозғамайын, Үмытқан жоқ езімді көгілдірім, Түсімде квп керем деп мэз болайын.

*'•# *• - '

Жаным жырым, шуагым, асыл айым, Сен барда нёге жүдеп басылайын. Сарқылмайтын телегей шабыт берші, Шалқиын, теціз болып тасынайын.

Жырсыз өмір жылусыз күйік дейін, Өлең қүйшы кеудеме биіктейін. Өрейін жыр дестесін кейінгі өрен, Қолына ұстап жүрсінші сүйіп кейін.

Жаным жырым, шуағым көңілдегі, Маржак болып ақтарьіл твгіл кэні... Қандай күндер туса да бір болатын, Өзіңсің жалғыз бағым өмірдегі.

-31

Page 17: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Армысыңдар, ақ жарқын жеңгелерім, Өмірде өздеріңе тең келер кім?! Көздеріңде жымиды өткең күндер, Жүздерінді сағынып келген едім.

Бүрынғыдай жарқылдап әзілдерін, ' Жүрегімді нұрлантты мэз үндерің.

. Меңі еріксіз ойлантып, күрсіндірді, - Ақ мацдайды торлаған әжімдерің.

Кім өткенді еске алып ойламайды, (Кімдер ынтық жинауға бойға қайғы?) Салмақтысың бэрің де неге бүгін, Қүлыи мүше бүлтылдап ойнамайды.

Зымыраған білінбей уақыт қалай, Қызықтар алыстапты артық талай. Кәнтейін айналыпты салқындауға, Қызуын мол таратқан бақытты арай.

Амал не өмір — булақ ағады үдай,. Түрмайды жарқабаққа, жағаға үрмай. Біз қанша көтердік деп ойласақ та, Көңіл шіркін болмады-ау баяғыдай.

* * ★

Ауыл ж аққа бір барып қайтайыншы, Достарым сағыньіп па, байқайыншы. Көп болыпты өлең де жазбағалы,Жыр қаймағын тағы бір шайқайыншы.

Келмедін деп айтатын маған дау, сын, Сағындым әжелердің қайран даусын.

32

Ацсағанда соларды. в!р кермесем, Жүректен жыр нөсері қайдан жаусын.

Қойлы ауылға қыдырып, келейінші, Қарттарға барып сәлем берейінші. Квңілдің кетер ме екен шац-тозаны,Бір сілкініп сол жерде көренінші.

' ' Сағынышқа толып жүр бұл күн кеуде, Ауылға аттанайын іркілмей де.Гүлін теріп, төсінде аунайыншы, ' Ж аңа бұлақ ашылар мүмкін менде.

* * »

Қүрбым-ау, жазбай кеттіцнағып бір хат, Өзіңсіз адаммын ғой жаны сырқат,

, Білдіріп отырсаңшы хабарықды,Сенің есен жүргенің — маған қымбат.

Деме сен «хат жазуға бар ма уақыт», Тідектеспін қуансаң күнде шалқып. Қалтарысы көп мынау дүниеде,Адаспай жарқын жүрсең — маған бақыт.

...Хат жазбасаң жазбашы, тек иланшы, МенІ аяма, күрсіндір, мёйлі жаншы. Өзімді қуанышты сезінемін,Көзіцнен үзілмесе мөлдір тамшы.

Тілегімді зая ғып, желге ұшырып, Жүрмеші жүрек сырын взгеше ұғып.Мен төменде-ақ қалайын, сен күлімдеп, Қарашы шуақ шашып өрге шығып.

3-6801 33

Page 18: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Сен турсаң жұлдыэым боп көкте күліп, Саған бақ тілемегенім текке егіліп. Онда мені шаттанып шарасынан Қуанышы жүр деп үқ көп төгіліп.

* * *

Өзімді сүйетіндігіңмен,Отыма күйетіндігіңмен.Пір тұтып, биік санап,Басыцды нетіндігіцмен, ■Қымбатсың, сэулем маған.

Ж аманға қнмайтындығыцмен, Ж ақсылық жинайтындығыңмен. Қабақтан қар жаудырсам,Қүншуақ сыйлайтындығыцмен, Қымбатсың, сэулем маған.

Мейрімге шөлдейтіндігіңмен,_’Өсекке сенбейтіндігіңмен.Әлдекім аярлаиып,Азғырса көнбейтіндігінмен,Қымбатсың, сәулем маған! '

Парасат адамдығыңмен, 'Аққудай адалдығыцмен.Күмәнсіз иланатын,Сәбидей аңғалдығыцмен,Қымбатсың, сәулем маған.

34

* * *

Сен ауырсаң үй ішін бүлт басады, Көңілсіідік жайлайды қүт қашады. Қояйықшы десек те жасандырып, Кірмейді дастарқанның түк те сәні.

• Сен ауырсаң тусеміз мүлде сүлық, Абыржимыз, енеміз күйге сынық. Қызуынан айрылып пештегі от,

, Безеріп, мелшиед! үйде суып.

Пэс тартып балалардың назары да, Қызбайды күндегідей базары да.Бір уыс боп терезе алдындағы, Ашылмайды гүлдердің ажары да.

, Сен ауырсац көңілден күй кетеді,Ж асық ой қабырғаны күйретеді. Күлындардың салбырап қабақтары, Құт-береке қалмайды үйде тегі...

' Сен ауырма, емірге қара шалқып, Жабықтырма кеудекі аласартып.Бал берген швжелерге менен гөрі,Сен берген қара судыц бағасы артық.

Сен ауырма бақытым — шамшырағым, (Бұл тілекті тағдырдан сан сүрадым.) Сен сау болсаң алацсыз балапандар,Сең сау болсаң мөп-мөлдір жан шуағым.

35

Page 19: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Отырмын жабығып,- Төгілмей күлкі, әнім.

Сені іздеп сағынып, Балалық іңкэрім.

Қайдасың бұл күнде, Шалқыған отпысың? Қым-қиғаш өмірде,

■Өкінгек жоқпысың?

Арнадым өзіңе,Ж ағып жыр шырағын. Ораған сезімге, Қайдасың, шуағым?

Еске алып күнді өтхен, Көзіме алдым жас. Жанымды гүлдеткен, Қайдасың, қарлығаш?

•' / . . * * * V

Ж анға тыным бермеймін, ойланамын, Жыр ж аза алмай кей күні қорланамын. Шуақты бақытым ба, жоқ болмаса, Маңдайыма біткек бұл сор ма қалың?

Жыр іздеймін жота-қыр, атыраптан, Бүлақтан да күмбірлеп шалқып аққан. Жыр іздеймін сарғайып тал басынан, Шашу боп түсіп.жатқан жапырақтан.

36

Жыр іздеймін жартастан, шыц, қүздардан, Таудағы жатқан мәңгі көк муз, қардан.

- Ж ыр іздеймін аспаннын твсін тіліп, Мезгілсіз аққан жарык, жұлдыздардан.

* * *

Бугінде сағындым мен,Бэйшешек жылдарымды.Өзіне лагыл гүлмен,Сыйлаған жырларымды. . ,

Бүгіиде сагындым мсн,Балауса бақтары.мды.Қиялдап алғьі күнмен, - ' 'Табысқан шақтарымды.

Бүгінде сағыядым мен,БІрге өскен достарымды.Ж арық қыіі жалынымен,Кеңейткеи аспанымды.

Бүгінде сагындым мен,Түндерді жұлдызы аққан.Он салып балғын үнмен,Думанды алға үзатқан. '

і

• . ДЕНСАУЛЫҚ БЕР

Тағдырым, сенен байлық сурамаймын, Жоқпын деп, жарлымын деп жыламаймын. Тек қана денсаулық бер,

үлы іске,Енбегімді кірпіш қып, сыналайын.

. / N

■. : 37 "г

Page 20: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Өэіцнен тілемеймін мол сый, күтім,Тек кеудем қуанышқа толсын дуркін.Көк тнын қйындықтың құны маған,Денім сау, қол-аяғым болсын бүтін.

Өмірдін усын алдан өрін мейліц, Денсаулық бер, басқаңа емінбеймін. Қолым мүйіз, арқа етім арша болып,. Жүрейін ецбек етіп, еріибейін.

Шілдең мейлі шыжғырсын, ми қайнатсын, Жолдарым түзуге емес,

қиғаш тартсын,Сонда да мүсіркеме, денсаулых, бер, Бойыма қайрат-күшімісыймай жатсын.

Алдымда үміт қол булғап жарқылдасын, Ж анымда жыр қайнасын, сарқылмасын. ' Тағдырым, '

маған тартқан байлығық сол, Аманболсын әманда алтын басым.

* * *

Уақыт жүйрік...бел-белден барады асып,

Қалды күндер болатын далаға асық. Сағынышқа айналды ойнайтын кез, Орамалын қыздардың ала қашып.

Мүншама балалық шақ келте ме еді, ' Деп пе едім шашқа қырау ерте енеді. Кешегі көп қызықтар еске түссе, Амалсыз ет жүрегім өртенед).

38

Қайда қыздар біз андып жол тосатын,Су эперіп, шелегін қолдасатыи.Қайда, қайда,

бүйығы бойжеткендер,Ж ен ушынан хат беріп жалғасатын.

* * *

Ойлап кетсем кейде взімнен безінем, Қаншалықты күнэкэрмін, сезінем.Ж ас кезімде жылатыппын қыздарды,Ж ас ағызып моншақ-моншақ көзінеи.

Алаулаған қызыл гүлдер жинаппын, Албырт жанды қыздарға оны сыйлаппын. Қуанышқа бөлеп тұрып өздерін, Күрсіндіріп, муңайтыппын қинаппын.,

...Қазір еол шақ еске туспей турмайды, Көп толғантып уйқымды да үрлайды. Ж ас кездегі сқылмыстарым» бул күнде, Жүрегімді мысык, болып тырнайды.

* ★ *

Айналайын, сен менін есімдесін,Гүл таққан жүрёк тусы — тесімдесін. Үмытсам бір минутке тағдырымнын, Білемін мэнгілікке кешірмесін.

Есімдесің мөп-мөлдір көгімдесің, Тілегім — бұл құштарлық сөгілмесін. Есіл дертім, іңкэрім взің болсақ, Сазды жыр неге менен төгілмесін.

39

Page 21: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Сен үш інбар қыэықты құрбан қылам■ Сен үшін күйін шертіп түр домбырам.Мұцның бұлты мамырлап келе жатса,Өзіңді ойлап жанымды нүрландырам; \

* * *

Бірде келсек, бірде келмей бірлікке,Айтысамыз, тартысамыз тірлікте.Кейбіріміз биіктесек асу боп,Кейбіріміз бүрқыраймыз ашу боп. 1 Кейбіріміз қиқарлықпен жетекке Көнбейміз де, шегінеміз етекке.Бәрі жақсы, бэрі қызық тірлікте,Сол тірліктің тәттілігін білдік п е? 'Тартыссақ та, айтыссақ та әйтеуір,Бэрімізде болсын таза ой тәуір.Қорғау үшін туған елдің намьісын—Тартыспайық қара бастың қамы үшін.

Д Ә РІГЕРГЕ ТІЛЕК

Нур беріп үміт көзіме Өзіңнен медет тауып тұр. Жалынам, дәрігер, өзіңе Анамды менің сауықтыр. Анасыз жүру өмірде,Қайғы ма батар жанға осал. Қажет пе оған — мен мүлде Жасымды берем, жалғай сал. Тұрсың ба, дәрігер, түсініп, Басыма түнек төндірме. Мезгілсіз кешті түсіріп, Күнімді менің сөндірме.

* * *

Еңкейіп төмен көрмедім, Еркіндік бар ғой кеудемде. Ешкімге есе бермедім Еркінсіп «ішіп», «жеуден» де.

Іштім мен кейде шарапты, Еншіме тегін тигендей. Жанымда жырлар қанатты, Ж арқылдап жүрдім именбей.

Тұрғасын бойда маздап шоқ, Көңілде болмай алаң көп. Қаперге тіпті алғам жоқ, Сүрініп жолда қалам деп.

Өршідім өрге талмастан, Жанымда өлең — нұр саулап. Күңкілдеп көре алмастар, Тастамақ болды күрсаулап.

Оларға көнбей, дес бермей, Үмтылдым алға, ақ таңға. Өттім мен қарғып сескенбей, Лапылдап жанған оттан да.

■і * *

Күлімдеп қана қкылып, Қарауыц қандай әдемі. Жаныма шуақ құйылып, Жайнады көңіл әлемі.

Ерніңді тістеп астыңғы, Жымия күлген кезіңде.

40 41

Page 22: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Еріксіз еске ап жас күнді, Елжіреп тұрдым өзім де.

ӨЛ ЕҢ

Жастайымнан өлек еміп есіп ем, . 'Содан шығар жыр-бэйгеде көсілем.Ақ сүтімен бірге сіңген анамның,Өлец менің бақ-дәулетім, несібем.

Өлецменен өзен болып тасыдым,Ол жоқ жерде жабырқадым, жасыдым. Өмірімді ұзартатын нүрлантып,Өлең менің тот баспайтын асылым. .

Өлең,өлең жүрегімнің аңсары,

Белдер асам жырлар іздеп қанша әлі. Шәрбетінен жүтқан сайын ынтығам, Басар емес шөлімді оның кәусәрі.

* * *

Өзгеден ойы ерек,Ең жақын кісімдейсің. Әйтсе де тереңірек, Жанымды түсінбейсіц.

Алдыңа гүл тасуға, Арасы жастың алшақ. Көңілден сыр ашуға, Батыл жоқ, - тіл ұялшақ.

42

Үстаймын білегіңнен, Таусылып төзімділік.

Дүрсілдеп жүрегім де, Салады сезім бүлік.

Шуақты дидарыңа, Көлеңке түсірмес ем... Арайлым, қинадың э, Ойыма түсінбей сен.

* * X - .

Қайбір мені жан дейсің толып тұрған, Саф бақытын өмірден жолықтырған. Айналайын, өтінем тиіспеші,Кетпесін сезімге арым болып қурбан.

Жүрсің ғой бар жайымды көріп,біліп,

Қайтесіц қалқам мені еліктіріп. Жалынамын, отыңмен шарпымашы, Балқып кетер бойдағы берік қүлып.

Түсіне біл тілекті дұрыс, күнім, Көзіңнің көп түсірме нұр ұшқынын. Моп-момақан ойларға шомып түрған, Бүзылмасын маңқиған тыныштығым.

ШЫҚПАЙДЫ ЕСТЕН ОЛ ЖЫ ЛДАР

Ол жылдар мүңлы дастандай, Жүректе қалды жатталып. Ауылда кәрі, жас қалмай, Майданға жатты аттанып.

43

Page 23: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Көцілге тастап қайғы ізін,Квп арман тусті үгіліп. Үзатып турып жалғызын, Шал-кемпір қалды бүгіліп.

Телмірген ерлер жолына, Көзіне жас кеп, мүң тұнып. Қаншама жесір қолында, Бөбектер қалды умтылып.

Дауылды жылғы тақсырет, Таңбасын басты баршаға. Мезгілсіз шегіп қасірет, Қартайған жандар қаншама.

Қалайша естен шықпақ бұл: Қыздарға — бақыт құсындай, Азамат қанша бір шок. гул, Арманда кеткен үсынбай...

* * ' *

Табиғат та кетті қалғып, тыныстап, Дем алуға бет түзеді Ай-дағы. Ақын ойда,

отыр шашын уыстап, Қиялдарға батып терең қайдағы.

Бүлттар-дағы көшіп жатыр үдеріп, Тау басына қонғалы.Ақын отыр жағын таяп тунеріп, Ойында өлең жолдары...

Так да атты,Шықты қайта күн күліп,

Гүл бетіне кетті мөлдір жас толып. Ақын отыр ақ қағазға үңіліп,Қатып қалған мүсіндейін тас болып.

* * . *

Не бар қымбат адамға үясынан, Жаныма таптым асыл күй осыннан. Сағыныш леп ацқиды ауылымныц, Жалбызы, алабота, миясынан. _

Кең көсіліп паң жатыр шалқып далам, Осы жер іздеп өткен Қорқыт бабам. Оттан ыстық ауылым құшағында,Май қосқан қорғасындай балқып барам.

Туған ауыл жайнаған жайлау ма едің,. Гүл үстінде өрт болып лаулайды өрдің!

Төсіңде ұстап кетіп балалығым,Көк мэуіті көрпеңе аунай бердім. .

ДОМБЫРАМДЫ ӘПЕРШІ

Домбырамды әперші, сырласайын,Күй төкпей кулмес күнім, тумас айым. Дэл бүгін бір сілкіну керек боп түр,

■ Деді ме жан сарайын кір басайын.

Әперші домбырамды, ән салайын, Тыңдасын ынта қойып, барша ағайын. Көңілден ыдырасын кілегей бұлт, Желпінейін, сергиін, шаршамайын. /

Әперші домбырамды, гул атайын, : Кеудеме қонған мүңды құлатайын.

45

Page 24: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Әперші домбырамды,.і дел-сал болған,

Көктемдей ерте келген гүл атайын.

* '# *Ей, уақыт, қадіріңді білмедім бе,Мәз болып жер басып қүр жүргеніме. Не сый тартам шуақты ілгеріге, Өкінем босқа өткен күндеріме.

Көп қызықтың баяксыз өткені ме, Қанағатым шамалы жеткені ме? Ж астық маған риза ма, өкпелі ме, Күн қайда қайта соғар көктеміме? .

Өкініш кетті жанға жара салып, Миымды солқылдатып ара шағып. Қешегі есіл уақыт обалынан,Барамын іштей жүдеп, аласарып.

* * *

Тағдыр қосып, мәңгіге жарасқаным, Өзіцмен таптым бақьіт, адаспадым. Сүрінгенде сүйеніш бола білдің, Асыл жаным,Мөлдірім, ақ аспаным.

Өмір қайда оп-оңай бақты үйетін, Кездер болды қабақты көп түйетін.

~ Сонда менің айналған ақылшыма, Асыл жаным, * '

■ • 46 '

ақ пейіл, ақ ниетім.Гүлін ашты өзіңмен жақсы бағым, (Кеудеде шалқып-шалқып жатсын ағын) Өмір көлде жүзейік қос аққудай,Асыл жаным, ақ сэулем, ақ шуағым.

* * *

Екі қызым — екі гүлім жайнаған,Екі қызым — екі қусым сайраған.Екі қызым шықса алдымнан жарьісып, Ецлік гүлге бөленеді айналам.

Екі қызым — екІ күнім кеудемде,Солар маған жалын — шабыт берген де. Солар меніц күш алатын бастауыи, Қызметтен қажып, шаршап келгенде.

Екі қызым — екі нәзік эуенім,Квқілімнің нұрландырған әлёмін.Балғын жүзі, бал тілдері мен үшін, ■Ең тәттісі, ең шырыны мэуенің.

БЕПТАНЫС КЕЛІНШ ЕҚТІҢ ХАТТАРЫ

БІРІН Ш І ХАТ

Отырмын өзіңе хат жазып бүгін,Бұл бәлкім менің осал, нәзіктігім.Б}р арнадан бөліндік қос өзендей, БілмеймІн кінәлі кім, жазықты кім?

47

Page 25: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Сен кеттің, жараландым қанатымнан, Адастым жүлдызымнан дара туған.Сен кеттің, мөлдір аспан сүрғылт тартып, Кеудеме қонақтады қара тұман.

Жүрекке мүцсол сәтте толды да удеп,

Үсік шалды бағымды түрған. гүлдеп, ■ Биік мақсат, ер арман аласарып, Шағылып тауға, тасқа қалдым жүдеп.

Көтердім еңсемді эзер, құлап тұрып, Ж анымда қалды ақпай бұлақ тұнып. Ащы ж асқа түншыққан өэіме емес, - Саған бақыт тіледім жылап тұрып.

ЕҚІНШ І ХАТ . \

— Кеттім,— дедін, селк еттім. дірілдедім,Жүрегімді пышақсыз тіяімдедіқ. : Ж ағамды үстап мелшиіп түрып қалдым, Жалынбадым: тоқта деп жүгірмедім.Көз жасымды толассыз төге бердім, (Тайғанадым үстінен неге өрдің)— Кеттім,— дедің, қайрылмай кете бардыц Үстамадым, • ,Жолыңды бөгемедім.Суық жел жапырағымды үзбегенде,Мэн бермей өтер ме едік күз дегенге. Кэйтем дедім жолына кес-кес тұрып, Бақытын басқа жаннан іздегенге. Жанымның үсік шалған гүлдеріне,Ем іздеп үміт артам Ілгеріге.

48

Өкінішсіз болар ем, қосылғаның , Өзінді сүйсе мендей шын беріле.

IҮШІНШІ ХАТ

Сағынамын, кейде сені сағынам,Іштей салған тәтті әнімнен жаңылам. Сонда сені жолықса деп тілеймін, Баяғыдай кешкі ауыл бағынан.

Көңіл бей-жай ешнәрсені қаламай, Айналама көз тоқтатып қарамай.Баққа келем, ,

. Үйытқиды жан дүнием,Қойсын ба ойлар аш бүргедей таламай.

Тамбайды әрең шық мөлдіреп көзімде, Не болғанын білмей тақмын өзім де, Ойлап тұрсам маған ыстық екен ғой, Сенің қатты ашуланған кезің де.

. Айтылатын шуағы мол лебіз көп, v Үғыппын ғой тартылмайтын теңіз деп.

Сөйтсем бәрі бёкер екен, бұл күнде, Достарың да келмей кетті сені іздеп.

ТӨРТІНШ І ХЛТ

Түседі еске дұрыстық та бүрыстық, Тапқандай ек сетінемес туыстық.

- Әлі тацмын, екі айрылып кетердей,Не жетпеді, неге қатты үрыстық?

Неге кетті аяқ-асты күн борап, - / Шуағымды қарақғылық түнге орап. Қайда кетті қуанышты сэттерім, Тереземнен түратүғын гүл қарап.

[—6801 49

Page 26: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Кейде мені өкінішім қинайды,Ойлар... ойлар... тар кеудеме сыймайды. Кетсең де сен бөгде адамға айналып, Мендік жүрек бөгделікке қимайды.

- БЕСІНШ І ХАТ

Ашылмады маңдайымда бақ күліп,Бүл күн кетті самай шашқа ақ кіріп. Ажарланып түрған сенің қолыңда,Бір гүл едім тастадың ғой лақтырып.

Кім жек көрер өмірінің жайлысын, Сезбейсің ғой жанымның сён қайғысын. Ж ер бетінде аман-есен жүрмісің,

~ Ішімдікке үйір едің, байғүсым.

Сенсіз маған тар екен ғой төңірек,Соны ойлап, алам кейде еңіреп.Өз жағдайым құрып кетсін, тек сенің Тағдырыңдьіжүрем ойлап көбірек.

. Күндерге өткен қалай түрам мән бермей,■ Кейде күйем көкейіме эн келмей.

Алған жарың түсіне ме өзіңді, ,Тусіре ме күншуағын дэл мендей?

АЛТЫНШЫ ХАТ

Шіркін өмір таусылмайтын қызық жыр, Біреу оның қүшағында «сызып» жүр. Біреу. болса тартып қатты тақсірет,Өз ұясын, өз қызығьін бұзып жүр.

\ ' ■ 1 Біреулер жүр қуйылған тас мүсіндей,Андып басып бойға қылау түсірмей,

50

Біздер болсақ ашық күнде адасып,Ж аза бастық жанымызды түсінбей.

Айта беріп оның бәрін не етемін, Өз-өзімнен кейде кеміп кетемін. Жақсылыққа қүштар басым қашанда, Тілеуіңді тілеп сырттай өтемін.

Өмір бейне жалтыраған мүз алац,_ Қайтсем оның төсін тіліп жүзе алам.

Ең қиыны,Жарың бар ма дегенде,- Бар дей алмай,Ж оқ дей алмай қызарам.

: і

* * *

Кёнеттен қалдық біздер ұшырасып,• Сен түрдың жанарыңнан күлкі шашып,

Мен түрдым кеудемде ойнап ала қуйын, Еңсемді ауыр сезім бұлты басып.

Алдыңда тұрдым үнсіз ж ақ байланып, (Ш аттық — өзен тыншыды ақпай нағып?). Кешегі арман болған ақ кептерім, Шынымен кеткенің бе ж атқа айналып?

Мен үшін қайталанбас сонша қүнды, Өткен күн түр жамылып мол сағымды. Кешегі тентектікті еске салып,Тартып қап үзсем бе екен моншағыңды?

_Көңілде гүлін ашты бақша шулап,(Мейлі, жанды өкініш жатса тырнап).Бүл менің қуанғаным шығар саған, Жүрегім қоя берді атша тулап...

51

Page 27: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

АУЫЛҒА КЕЛГЕНДЕ

I

Ауылды келем аралап, Керемет өсу не деген?! Қонысын әркім жаңалап, Манайын баққа бөлеген.

Бой тузеп көше көбейген,. Айнала жасыл, сәнді ағаш.

Ән төгіп онда көмейден, Сайрайды бұлбұл, сандуғаш.

Ызғар жоқ қоңыр желінде, Еседі алдан баяулап.' Ержетіп өскен жерімде, Келемін ойда, жаяулап.

Сен-кенет бөлдің ойымды, Сағынып іштей жүр едім.Бір сезім билеп бойымды, Елжіреп кетті жүрегім.

Ашылды қанша сыр беті, . Жолықтым бала кезіме.Ж ас шақтың небір суреті, Елестеп келді көзіме. :

Ғажайып түс пе бұл бөлек, Сен келдің кенет жүгіріп. Үстамақ болып көбелек, Отыра қалдың жүгініп.

Қөбелек біткен қырмызы,Гүлдерден гүлге жур қонып.

. . 52

Шаттықтан жайнап.нүр жүзіц, Сен-дағы түрдың гүл болып.

Ж анардак кетті жас парлап,Мен түрдым тілім байланып.Сен үштың кенет аспандап, Бармақтай құсқа айналып.

Айналды басым тым қатты, Көзімнің алды түтасып.

■ Сен қағып тез-тез қанатты,• Көрінбей кеттің бұлт асып...

II

Қос терек кеше біз еккен,Кетіпті өсіп, биіктеп.Сары шалға оны күзеткен,,

• Қол бердім басты иіп кеп.

Мұныма қартым сүйініп,Алгысын айтып, көптен-көп. Күрсінді кенет түйіліп:— Гүлжаһан бізден кеткен,— деп

— Естігем,— дедім мен жүдеп,— Бақытты болсын — тілегім. Сақалы аппақ желбіреп,Таянып қартым күрегін:

— Қызық қой тағдыр тегінде, Кеткендей бізде есесі.Гүлжаным үшке келгенде, Дүниеден өтті шешесі,-г

' Деді де ауыр күрсінді,Көз тастап қартым жыраққа.

; ' 53

Page 28: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Журегінің әлсіз дүрсілі, Естіліп турды қулаққа.

— Бэрін де, ата, білем ғой, Талайдан тату көршіміз. Еңсені езіп туман ой Кетпесін, алға өршіңіз.

Тура ма қолда қыз деген,Қол созса серік табылып, Бақытына жетсе іздеген, Қайтесіз жасып, қамығып.

— Рас қой, балам, мунымды, Оғашта бәлкім санарсың. Әйтсе де ауыр мүңымды, Кейіндеу еске аларсың.

Ойменен бір сэт барласа, Тірліктіқ көп қой шатағы.Екі дос оңды болмаса,Әкеге қатты батады.

Ащы — өмір, уққан біледі, Біле ме соны Гүлжаным? Тэрбиесіз деп күйеуі,Ұрысса ғой, .

влді бүл шалың.'

Демессіқ балам мүны айып, Қыз беріп бүрын көрген кім? Қалжырап қалам, муқайып, Түсіме Гүлжан еиген күн...

Еңсені басып барады ой, Осыны білсең, кім үшін? "

Баланың аты бала ғой,Алады әке тынышын.

Ill

...Меніқ де бүгін балам бар, Менің де бүгіи бар қызым. Оларды ойлап аландар,Әкелік кешпес парьізым.

Менде де бүгін күдік квп, Ойларға неше батамын,' Үлдарым жақсы жігіт боп,Өссе деп тілеп жатамын.

Тілеймік күнде шуақты, Төгілтіп таңым атса деп.Қос қызым — қос гүл сияқты, Жайқалып орын тапса д е п ..

Мен-дағы бүгін күні-түн, Таппаймын тыным тепекдеп, Үл-қызым — күткек үмітім, Бақытты болса екен деп.

ХАТ

(Сыр)

Сені ойлап, жүдеп, қаттьі азып Жүргенмен өкпе жоқ менде. Отырмын туқғыш хат жазып, Жиырма жыл зулап өткенде.

Отырмык сені еске алып,: Сырымды мін бё қозғасам?

Page 29: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Жүрермін кеиін кеш қалып,. Бұл хатты қазір жазбасам.

• Ж азбасам енді шынымды, Жыр ғылып шертіп әңгіме. Айта алмаб келген сырымды,

- Кетермін айтпай мәңгіге...

Мұндай хат менен күтпесең, Түрлі ойға түсіп толқырсың. Түбіттей етіп түтпесең, Түп-түгел бәрін оқырсың. •

Өзің деп тыным таппаған, Ж анымда тамтық қалды ма?! Жиырма жыл бойы сақтаған, Сырымды жаям алдыңа.

7 * * *Өткен күн бәрі жадымда, Өремін содан елеңді, Қысылып түрар алдыңда,

• Қүлыншақ күнім ж оқ енді.

Үмыт боп жатыр біртіндеп, Баураған жанды балды той. Қыз десе жүрек лүпілдеп, Қызарар шақтар қалды ғой.

Барады зулап уақыттар, Тоқтатар оны күш бар ма. Біздерден ушқан бақыттар, Қонуда оған құштарға.

Тойға да барсақ жүреміз,' Үлкендер жақты жағалап.

Имене басып к ірем із ,/ Шақырса жастар «ағалап».

■ і

. Сан қызық жанды мүңайтып, Қалды ғой несін айтамыз. Болмаспын жігіт мен қайтып,

' Болмассың сен де қайта қыз.

Өткендер арман бұл күнде, Қақпассың қалай таңдайды. Күрсінбеу сірә мүмкін бе, Торлауда әжім маңдайды.

-Амалың бар маі бастағы, Келеді шашты қар басып. Әйтсе де бала жастағы,

, Бірге жүр көқіл жармасып.

От қашып нұрлы жанардан, Қоймайды екен эр таймай. Әйтсе де түлеп ақ арман, Түра ма деймін қартаймай.

Жыл өткен сайын қарасам, Басады зіл жүк еңсені. Қиялмен қүшып оңаша

. Сағына түсем мен сені. ;

* * *Көгалды деген ауылда, Өзіңмен қатар бір өстім. Өзіңді тартып1 бауырға, Жүректен нәзік жыр естім.

Өлеңнің тартып желісін, Жетелеп алға үміт көп.

56 57

Page 30: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Есейіп ерте сен үшін, Ертерек өстім жігіт боп.

1 П і р ә л і болған.

Мен сені іштей үнатып,Арнадым жырды көбірек. Шыққанда көктем гүл атып, Толысып түгел төңірек.

Мен сені талай шақырдым, Қызғалдақ теріп қайтуға.ПІрәлі*— зағип ақынның, Қосылып жырын айтуға.

Қосылып талай ән салдық, Сағынам осы тустарды.Кек белде тұрып қарсы алдық, Қиқулап қайтқан қүстарды.

Кетеді ойлар жанды ырғап, Ж арыса шығып көк белге.Біз қатар түрдық қол бүлғап, Аққулар ағып өткенде.

* * *

Үңіліп ойдың түбіне,Дөңбекшіп шығам түнімен. Шақырдың туған күніңе,Үмытам қалай мүны мен.

Сол күні шексіз сүйініп,Қуаныш іштей тербелдім.Кешкісін мұздай киініп,Бір шоқ гүл үстап мен келдім.

— екі көзі су қараңғы соқыр ақын

58

. Сен болсаң сурет — көріксің, Квзіце шаттық нур тұнып. Шашыңды жарып өріпсің,Ақ көйлек киіп, қүлпырып.

Өзгерген түлеп, табанда,' Қарадым саған шын сенбей.

Көріцді соңда ғаламда, Жоқтай боп сұлу бір сендей.

Қосылып бірге ән салған, Достар да жайнап тұр түлен. Сөйледі олар бір саған, Баянды бақыт, нүр тілеп.

Қалдырды .эсер баршаға,Бүл да бір қызық кезең боп. Айтылды тілек қаншама, Ағылды шампан өзен боп.

Маған да достар сөз берді, Ортаға алып шуылдап. - Қысылдым, өцім өзгерді,Түла бой кетті дуылдап.

Тік үстап кенет денемді, к Бойымды жиып, мен ерлеп,

«Бір қызға» деген өлеңді, Оқыдым күш can мәнерлеп.

Бөгемеді ешкім тіл қатып, Тыңдады достар қүлшынып. Бурымың үшын тарқатып,Сен түрдың гүлдей қулпырып.

Кеудені биік көтеріп, Шабытқа мае боп турдым-ау,

59

Page 31: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Дуылдап бойда от өр іп ,' Оқылған сонда жыр мынау:

«Үсыңдың шоғын бір гүлдің, Кеудеме кетті толып ән.Сол бір сәт тұра жүгірдің, Сытыла шығып қолымнан.

Толтырып кеттің тамаша', Көңілге мөлдір сезімді.

' Көбелек қуған балаша, Қуалап бердім өзіңді.

Сөз демей орды, жарды да, Жүгіріп келем ж оқ амал. Жетіп ал дейді алдымда, Желбіреп қызыл орамал.

Сүйсінтер ме екен кім білсін, Сапарды тағдыр сәтті ғып. Үстамақ болыпжыл құсын, Келемін үшып аптығыгі.

Сағымдай көзден бұлдырап, Ол асты талай белеңнен. Жарысып желмен қүлдырап, Ж ете алмай қуып келём мен».

Оқыдым сондай қүлшынып, Жырыма қосып жігерлі үн. Әйтсе де жасқа тұншығып, Шаттықтан жылап жібердім.

* * *Өзіңді ойлап кеткенде,Өзгеріп іштей түлеймін. •.

60

Бөтеңдей өкпе жоқ менде,Бір саған бақыт тілеймін.

Соқтықпай өмір шөліне,Бақуат жүрсеқ сен есен. Шомылып шаттық көліне, Үққайсың жүр деп мені сен.

Ақ таңым атып алдымнан, Ш уаққа жаным толғаны.

' Жұбаныш тауып жарыцнан, Жыламай жүрсең болғаңы.

■ Баяғы қайта күн бізге,' Келмейді-ау... ойлап нетем көп. 'Тілеймін түнде, күндіз де, •. Сен күліп.жүрсе екен деп.

Өзіңе арнап көңілге,Өсіріп жүрген сэндеп гүл. Осынау үлкен өмірде,Тілеулес бір жан бар деп біл.

Page 32: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

М А З М Ү Н Ы

Б і р і н ш і б ө л і м ,«Елімніқ еркін өскен баласымын» . . , , , 7Туған жер ......................................................... ........... , 7Сусамыр : ■ . . . . . . . . . , 8Жеңіс күні . . . \ . . . . . . . 9А р д а г е р л е р ............................................. .- . , . , 1 0Партия . . .' . . . . . . . . 11«Гүлін жарып» . . . . ' . . . » . , 1 2Коммунистік санамен . . . . . . , . 12«Армысын, ауылымның адамдарьі» . . . . , 13Дихан қуанышы . . . . . . . . . . 14

•Бір құрдасқа . . . ~ . . . . . . 14«Туған ж ер — биік мерей» . . _. . . . .- 15«Тыныштық керек» . . . . . . . . . . 16

Е к і н ші б ө л і мТырналар . . . . . . . Г . . . 1 9Бозторғай . . . . . . . . . . 19Түн ......................................................................... 20Ізтайға . . . . . . . . . . . 2 1Ага . ; . .. . . . . . . . . 22Құлан ............................. ....... ’ . ■. . . . . 22Аралар . . . - . . . . . . . . 23.«Сиқырлы нендей күш бар» . . . . . . . . 24Го.'-~ 'пиқындары . . . . ....................... . 2 4«Қадіріңді тұрайын» . . . . і . ... . . 2 5 «Ол кезде» . . . . . . . - . . . , 26«Біздің қартгар» . . . . . 27«Мәңгілік саналатын» . / . .....................................27Жүрегімді тывдашы . . . . . 2 8

- «Үмытуға сені шамам жетпеді» . . - . . . . 28«Көктем күні» . . . . . . . 2 9«Күрсіне көрме, аяулым» .....................................29«Менімен бағың жанды ма?» . . . . . . 30

62

«Жүрсін десең алаңсыз> . . . . . . . 3 0 «Жаным — жырым» . . . . . . . . . . 3 1« А р м ы с ы в д а р » ........................................................... . 3 2«Ауыл -жаққа» . . . . . . . . . . 3 2«Күрбым-ау» -. . ......................................................... 33«Өзшді сүйетіңдігіңмен» . -. . . . . . . 3 4«Сен ауырсаң» . . . " ...........................................35«Отырмын жабығып» . . . s . . . . 36 «Жанға тыным бермеймін» . . . . . . . 36 «Бүгінде сағындым мен» - . . . . . . . 37 Денсаулық бер . . . . . , . . . . . 3 7 «Уакыт жүйрік» . . . . . . . . . . 3 8

- «Ойлап кетсем» . . . . . . . . . ■ . 39 «Айналайын, сен менің есімдесің> . . . . . ,39 «Бірде келсек» ‘ . . . > . . . . . . 40 Дәрігерге тілек - . . . . . . > . . . 40«Еңкейіп төмен к ө р м е д ім » ........................................... 41«Күлімдеп қана қиылып» . . . . . . . 41

-Өлең . . . . . . . . . . . 4 2 «Өзгеден ойы ерек» ..........................................................42

- «Қайбір мені» . . . . . . . . . . 43Шыкпайды естен ол жылдар ' ....................................43«Табиғат та кетті қалғып» . . . . .. . . 4 4 «Не бар қымбат...» . . . . . . . . 45 Домбырамды әперші . . . . . . . . 4 5 «Ей, уаіы т» . . . . . . ; . . 4 6«Тағдыр қосып» . . .• . . . . . . 46 «Екі қызым» . . . . . ■ . .. . . . . 47 Бейтаныс келіншектің хаттары . . . . 47«Кенеттен қалдық біздер ұшырасып» . . . . 51Ауылға келгенде ' . . . ....................................52Хат • ,• . . . 55

Page 33: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

Совет Алимкулои

Б У Р Л Я Щ И Е РУ Ч ЬИ

Стихи- (Н а казах с к о м язы к е) .

Р ед а к то р ы У. Есдаулет ов. И .О р а з б а е в Х удож ни к А . Тем ирханов

Х уд . ред акто р Я .' Н урм уханбет ов . Техн . ред акто р . С. Л епесова

К орректор И . И зм а и ло ва. И Б № 3017 • ' ■ ' ■ ■ ■ -

С дано в 'н а б о р 21.11.83. П одп исано в пе­ч а ть 06 02.84. У Г 17051. ф о р м а т 7 0 X 9 0 /и .Б у м . "тип;. » 1 . Л и т е р а т у р -т я гар н и ту р а .

И ы г п к а я п еч ать . П еч. л . 2,0. УСЛ. п “ • л . 2 ,3 .*Уч.'-изд; л . 2,3. Т и р аж 3000 экз: *

■ к а з № 6801. Ц е н а -30 коп.И зд ательств о «Ж азуш ы » Государственного к о м и т е та -К а за х с к о й С СР по д ел ам и зд а ­тельств . п о ли граф и и и кн иж н ой ^торговли .

480124, г. А лм а-А та, п р . А б ая , 143.Т и п ограф и я оперативной и би летн о-бла- ночной продукции производственного о б ъ е ­ди нен ия поли граф и ческих пРе* " Р “ ” тиЛ а3аХ. ТАП» Г осударственного ком и тета К азах ской С СР по д е л ам и зд ательств п оли гра­ф ии и кн иж н ой торговли , г. А л м а А т а .

у , ул . К . М аркса , 15/1-----------

Page 34: Совет ӘмДүмеbiblioteka-asa.kz/images/kitaptar/1/26.S.Alimkulov-ykylas.pdf · Өмір кешіп өткенде мұратым не, Гүл 'атып, жеміс байлап,

V*