12
Орал өңірі Орал өңірі Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ - 11 0 С - 20 0 С www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress www.oraloniri.kz Сіз қандай әкесіз?.. Жұмақ ананың табанының астында десек, сол жәннаттың ортаңғы қақпасы әкелеріміз екенін айтады Мұхаммед пайғамбарымыз (с. а. у.) өз хадистерінің бірінде. 6 Меценаттардың көмегімен 40 жоба жүзеге аспақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында былтыр Қаратөбе ауданында 89 ісшара ұйымдастырылып, оған 9410 адам қатысты. 9 12 Қос ғасыр куәгері Екі ғасырды басынан өткізген анамыз Збира Дүйсенғалиқызы туралы сыр шертпекпін. Збира Қоңырова 1918 жылы ақпанның 23 жұлдызында бұрынғы Фурма нов ауданының Сүттігенді елді мекенінде өмірге келген. СЕЙСЕНБІ, 27 ақпан 2018 жыл №24 (20588) www.oraloniri.kz www.facebook.com/oraloniri [email protected] «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап?..» 7 SHOW-бағдарламаға келіңіз! Ақпанның 28 күні Жастар мәдениет үйінде облысымызда алғаш рет «Талант бар!» атты концерттік SHOW- бағдарламасы өтпек. Шараны Батыс Қазақстан облы сы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жастар шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отыр. Бағдарламада аталмыш орталықтың әртістері өздері өнерге баулып жүрген студенттермен және жоғары сынып оқушыларымен өнер көрсететін болады. Сондайақ кіру билеттері бойынша көрермендер ара сында лотерея ойнатылмақшы. Сағат 19.00де басталатын концерт билетінің құны 500 теңге, алты жасқа дейінгі бала лар тегін кіреді. «Ақжол авто» ЖШС №27, №34, №36, №51 автобус маршруттары бойынша уақыт ша қызмет көрсеткен еді. Аталмыш серік тестіктің бұл бағыттағы келісімшартты бұзу жөніндегі өтініші негізінде жоғарыда аталған маршруттарға «№1 жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС уақытша қызмет көрсетпекші. Соған орай Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен кейбір автобус маршруттарының қозғалыс сұлбасын өзгерту туралы ше шім қабылданды. Мәселен, №36 «Бортау (Меловое горки) – Мичурин ауылы» мар шруты жабылып, №3 маршруттың қозғалыс сұлбасы темір жол вокзалымен жүру ар қылы «Бортау (Меловое горки) – Мичурин ауылы» бағытында өзгертілді. Бұл мар шрутта орташа сыйымдылықты 20 автобус қызмет көрсететін болады. Ал №3 «Комин терн – Вокзал» маршруты «Коминтерн – Автосалон» болып өзгертілді, онда 6 бірлік «ГАЗель» маркалы шағын автобустар қызмет көрсетпекші. Жалпы бұл бағыттағы барлық сұрақ бо йынша Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (тел.: 500402) хабарласуға болады. Кейбір маршруттар өзгереді 1 наурыздан бастап Орал қаласындағы кейбір автобус мар- шруттарында өзгеріс болады. baribar.kz

Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

  • Upload
    others

  • View
    12

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

Орал өңіріОрал өңіріГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

- 110 С- 200 С

www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpress

www.oraloniri.kz

Сіз қандай әкесіз?..Жұмақ ананың табанының астында десек, сол жәннаттың ортаңғы қақпасы әкелеріміз екенін айтады

Мұхаммед пайғамбарымыз (с. а. у.) өз хадистерінің бірінде. 6

Меценаттардың көмегімен 40 жоба жүзеге аспақ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында

былтыр Қаратөбе ауданында 89 іс­шара ұйымдастырылып,

оған 9410 адам қатысты.9

12

Қос ғасыр куәгеріЕкі ғасырды басынан

өткізген анамыз Збира Дүйсенғалиқызы туралы сыр шертпекпін. Збира Қоңырова

1918 жылы ақпанның 23 жұлдызында бұрынғы Фурма­

нов ауданының Сүттігенді елді мекенінде өмірге келген.

СЕЙСЕНБІ,27 ақпан 2018 жыл

№24 (20588)

www.oraloniri.kz

www.facebook.com/oraloniri

[email protected]

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап?..»

7SHOW-бағдарламаға

келіңіз!Ақпанның 28 күні Жастар мәдениет

үйінде облысымызда алғаш рет «Талант бар!» атты концерттік SHOW-

бағдарламасы өтпек.

Шараны Батыс Қазақстан облы­сы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жастар шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отыр. Бағдарламада аталмыш орталықтың әртістері өздері өнерге баулып жүрген студенттермен және жоғары сынып оқушыларымен өнер көрсететін болады. Сондай­ақ кіру билеттері бойынша көрермендер ара­сында лотерея ойнатылмақшы. Сағат 19.00­де басталатын концерт билетінің құны 500 теңге, алты жасқа дейінгі бала­лар тегін кіреді.

«Ақжол авто» ЖШС №27, №34, №36, №51 автобус маршруттары бойынша уақыт­ша қызмет көрсеткен еді. Аталмыш серік­ тестіктің бұл бағыттағы келісімшартты бұзу жөніндегі өтініші негізінде жоғарыда аталған маршруттарға «№1 жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС уақытша қызмет көрсетпекші. Соған орай Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен кейбір автобус маршруттарының қозғалыс сұлбасын өзгерту туралы ше­шім қабылданды. Мәселен, №36 «Бортау (Меловое горки) – Мичурин ауылы» мар­шруты жабылып, №3 маршруттың қозғалыс сұлбасы темір жол вокзалымен жүру ар­

қылы «Бортау (Меловое горки) – Мичурин ауылы» бағытында өзгертілді. Бұл мар­ шрутта орташа сыйымдылықты 20 автобус қызмет көрсететін болады. Ал №3 «Комин­терн – Вокзал» маршруты «Коминтерн –

Автосалон» болып өзгертілді, онда 6 бірлік «ГАЗель» маркалы шағын автобустар қызмет көрсетпекші.

Жалпы бұл бағыттағы барлық сұрақ бо­йынша Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (тел.: 50­04­02) хабарласуға болады.

Кейбір маршруттар өзгереді1 наурыздан бастап Орал

қаласындағы кейбір автобус мар-шруттарында өзгеріс болады.

baribar.kz

Page 2: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

АҚПАРАТ2 Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Данияр Ақышев Мемле­кет басшысының қаржы институтының жұмысы­

на қатысты айтқан сыны өте орынды екенін атап өтті. «Ұлт­тық банк 2008­2009 жылдардан бері қордаланған мәселелерді шешуде қаржылық реттеуші ре­тінде кешігіп қалғаны рас. Ста­тистика көрсеткеніндей, нашар несиелер портфелінің 90 пайызы 2006 жылдан бастап берілген. Не­ сие қорларын дұрыс басқара ал­маған банктердің жұмысы бір­неше жыл бойы қордалана келе жақында ғана жария болды», ­ де­ ді ол. Төраға дағдарыс қайталан­ бас үшін Ұлттық банктің банктер­ дің жағдайы нашарлаған кезде превентивті әрекет ету құралда­рын жетілдіретінін жеткізді. Қазір Ұлттық банктің бақылау функция­ларын күшейтетін заң жобасы жа­салып, оны талқылау жалғасуда.

Таяуда Алматыда Қазақстан Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы өтті. Қазақ-стандықтар үш сағат бойы онлайн режімде Алматыда өткен Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты, қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау туралы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап алды. Төраға жиында азаматтардың 40-тан аса сауалда-рына жауап берді. Бұл шараға еліміздің өзге өңірлерімен бірге онлайн режимінде Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов, филиал ма-мандары және БАҚ өкілдері қатысты.

«Зейнеткерлердің несие алмағаны дұрыс»

Бұл туралы облыстық сот төрағасы Бек Әметов БҚО әділет департаменті,

ноториат палатасы, коммуналдық қызмет көрсету саласы өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде айт­ты. Заңдағы өзгерістерге сәйкес нотариус татуластыру рәсімдерін жүргізуге құқылы, сонымен қатар аталған заңның 34­бабы бойынша атқарушылық жазбаларды жа­сайды және дауды реттеу туралы келісімді куәландырады.

Атқарушылық жазба өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша

сомасын борышкерден өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді. Атқарушылық жазба сот талқылауының санын азайтуға, берешекті қысқа мерзім­де өндіріп алуға, дауды жылдам шешуге мүмкіндік беретін ұтымды және айрықша тиімді жүйе бо­лып саналады. Нотариуспен атқа­ рушылық жазбаларды жасау үшін борышкердің келісімі қажет емес. Сотта істің қаралуымен салыстыр­ғанда нотариаттық әрекетті жасау мерзімі қысқа болады.

Орал қаласының №2 сотының судьялары Алтын Айтуарова мен Жанар Насырова нотариустар­ дың атқарушылық жазба жасау негіздері мен оның басымдық­ тарына тоқталды. Ал облыстық нотариат палатасының төрайы­ мы Найля Елегенова атқарушы­лық жазбаларды қолданудағы не­гізгі проблемаларды, облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Хамидолла Құсдәулетов атқарушылық жаз­ балар бойынша өндіріп алу мәсе­

лелерін атап өтті. Басқосуда күн тәртібіндегі мәселелер талқыла­ нып, оларды шешу жолдары ұсы­нылды. «Мәселелерді айта бер- геннен ештеңе шешілмейді. Нақ- ты істерді қолға алу керек», – деген Бек Әметов атқарушылық жазбаларды жүзеге асыру үшін нұсқаулар берді. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер көрсе­ тетін кәсіпорындар өкілдерінен атқарушылық жазбалардың қол­ данылу барысы туралы сұрады.

Ұлт жоспарының орындалуын

талап еткен жиын бір­екі ауыз мемлекеттік тілде амандасумен басталғанымен, бастан­аяқ ресми тілде өтті. Қандастарымыз баян­ дамаларын орысша оқыды. Бас­қосуға қатысқандардың барлығы дерлігі қаракөздеріміз бола тұра, мемлекеттік тілге назар аудар­ мағандары қынжылтады. Осылай­ша қазақ тілі төрге шыға алмай, босағадан сығалап, кері кетті...

Ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

ҚР Ұлттық банктің басшысы қаржы пирамидаларының жұмы­ сы өте жақсы ұйымдастырылға­нын, Ұлттық банктің сайтында қар­жы пирамидасының «тұзағына» түсіп қалмаудың жадынамасы бар екенін еске салды. «Арнайы жа­ дынамада қаржы пирамидалары­ның белгілері көрсетілген. Бірін­шіден, олардың Ұлттық банктен депозит ашу туралы арнайы ли­цензиялары болмайды. Екіншіден, мемлекеттік тіркеу туралы жар­ғысы жоқ. Үшіншіден, ұйымның қаржылық ахуалы туралы ақпа­ рат жоқ. Төртіншіден, салынған қаржының сақталуына ешқандай кепілдік берілмейді. Бесіншіден, нарық деңгейінен тым жоғары табыс ұсынылады. Алтыншыдан, әр тартылған клиент үшін бонус береді. Жетіншіден, тіркелген кез­де ақша төлейсіз. Сегізіншіден, БАҚ арқылы жарнама таратады. Тоғызыншыдан, үлкен шаралар өткізіп, қымбат сыйлықтар бере­ді. Оныншыдан, ақша айналымы, бизнес жұмысы туралы ақпарат ашық емес», – деді ол. Сондық­ тан төраға азаматтарға осы 10 ке­ ңесті есте ұстап, қаржы пирамида­ларының қитұртқылығынан сақ­ тануға кеңес берді. Сондай­ақ Да­ нияр Ақышев онлайн­конференция барысында зейнеткерлерге несие алмауға кеңес берді. Оның ай­туынша, Ұлттық банк халықтың қаржылық сауаттылығын артты­ру бағытында жұмыстануда. Осы мақсатта стратегия дайындау жұ­мыстары басталды. “Дегенмен зей­

Ұлттық банк төрағасы елімізде криптовалютаны қолдануға қа­ тысты шараларды қатаңдандыру­ ға уәде берді. «Үкіметке өз ұсы­ ныстарымызды жолдадық, олар­ дың көпшілігі мақұлданды. Еліміз­де криптовалютаны теңгеге сатып алуға шектеу қойылуы керек. Қа­ зақстанда криптовалютаның өн­ дірісімен және жарнамасымен ай­налысатын компаниялардың қыз­ метіне тосқауыл қою жоспарла­ нуда», деген Д. Ақышев криптова­ лютаның ешқандай құндылығы жоқтығын, майнерлер мен дел­далдардың цифрлық валютаны сату­сатып алу барысында еш жа­ уапкершілігі болмайтынын түсін­дірді. «Еліміздің азаматтарына ақ­шаларыңызды криптовалютаға салмаңыздар дер едім. Өйткені салынған инвестицияны жоғалту тәуекелі жоғары, салынған ақша­ңыздың сақталатынына ешқандай кепілдік берілмейді», – деді бас банкир.

Бас банкир теңгенің қазіргі жа­ йына тоқтала келе, оның жыл ба­ сынан бері 4 пайызға нығайға­ нын, қаңтарда теңгеге сұраныс­тың өскенін, ЕДБ­лардың қаңтар айында 830 млрд. теңге көле­ мінде несие бергенін айтты. «Не­сие бойынша пайыздық көрсет­кіш 14,7%­ға жетті», – деді Данияр Ақышев.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,«Орал өңірі»

«Мәселе айта бергеннен шешілмейді...»Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот ре-

сімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету бағы-тында нақты шараларды қолға алу тапсырылған болатын. Осы бағытта «Нотариат туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап нотариустарға жаңа іс-әрекет жасау құқығы берілді. Алайда нотариустар жүргізетін даулы мәселелерді шешуге арналған атқарушылық жазба-лар әлі күнге дейін тиісті деңгейде жұмыс жасамауда.

– Жыл сайын өткізілетін «Жар­қын болашақ» олимпиадасының негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл­ дің қолданылу аясын кеңейту әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ерекше дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Өткен жылы осы байқауда 110 оқушы бақ сынаса, биыл 130 өрен қатысты. Жыл сайын оқушыла­рымыздың аталмыш олимпиадаға қатысу белсенділігі артып келе жатқаны бізді шын қуантады, – дейді «Білім­инновация» лицейі­ нің директоры Сәкен Талдыахме­тов.

Театр фойесінде облыстық «Бі­ лім­инновация» лицейі оқушыла­ рының өз қолымен жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылған. Өнерлі, дарын­ ды достарын қолдау мақсатын­ дағы көрмеге лицей оқушыла­рының 40­тан астам жұмысы қо­йылған.

Салтанатты шарада олимпиа­даның бес бағыты бойынша тең құрбысының алды болған оқу­ шылар марапатталды. «Тілші­әде­ биетшілер» бағыты бойынша Сы­рым ауданындағы Бұлан орта мектебінің 10­сынып оқушысы Гүлден Сагидакос, өзге ұлт өкіл­дерінен Назарбаев зияткерлік мектебінің 12­сынып оқушысы Варвара Кочало, «Сөз шебер­лері» бағыты бойынша Жәнібек ауданындағы Жароков атындағы

неткерлерге бірнеше кеңес бер­ гім келеді. Біріншісі, ақшаны үй­ де емес, банкте сақтаған дұрыс. Бұл ақшаның толық сақталуын қамтамасыз етеді. Оған қоса мем­ лекет 10 миллион теңгеге дейін депозит салымына кепілдік бере­ ді. Екіншісі, Ұлттық банк лицен­ зия бермеген компанияларға сен­беу керек. Үшіншіден, ақшаны бө­ тен адамдарға сеніп тапсырма­ ңыздар. Төртіншіден, несие ал­маңыздар”, ­ деді ол.

орта мектептің 7­сынып оқушысы Диара Нұрышева, өзге ұлт өкілде­рінен «Білім­инновация» лицейі­нің 11­сынып оқушысы Адам Пе­ три, «Жас ғалымдар» бағытында Назарбаев зияткерлік мектебінің 12­сынып оқушысы Аңсаған Жол­дығали, өзге ұлт өкілдерінен «Бі­ лім­инновация» лицейінің 11­сы­ нып оқушысы Абдулла Әбутолы­ баев жеңімпаз атанды. Сонымен қатар «Әнші бұлбұлдар» бағытын­да Сырым ауданындағы Ж. Дос­ мұхамедов атындағы орта мек­тептің 10­сынып оқушысы Ақбота Сатанова, өзге ұлт өкілдерінен №17 мектептің 7­сынып оқушысы Эрдгар Хачартян, «Жазушылар» бағытында облыстық дарынды балаларға арналған мамандан­ дырылған мектеп­интернаты­ның 11­сынып оқушысы Мөлдір Ысмағұл бірінші орынды иеленді.

Өзгелерден оқ бойы озық та­нылған оқушылар сахна төрінде жиылған жұртшылыққа өнерле­рін паш етті. Қазақ тілінің мере­ йін асқақтатып жүрген балғын­дарға өңірімізге белгілі сөз зер­герлері, өнер майталмандары ақ батасын берді. Олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазда­ры республикалық кезеңде өңірі­міздің намысын қорғамақ. «Жар­ қын болашақтың» жарық жұл­ дыздарына біз де өз тарапымыз­дан сәттілік тілейміз!

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,«Орал өңірі»

Сенбі күні Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жарқын болашақ» қазақ тілі республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мара-патталды.

«Жарқын болашақтың»жұлдыздары

Page 3: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

Сағат жырының сыңғыры

3жолдАу – 2018Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

2015 жылғы 15 қарашада қабылданған ҚР «Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл туралы» заңы сы­байлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың жаңа заманғы әдістері мен формаларын қалыптасты­руда маңызды рөл атқар­ды. Жаңа заң мемлекет­ тік қызметте ашық конкурс­тық іріктеу механизмі ар­ қылы меритократия қа­ғидаларын енгізуге, білік­

тілік негізінде мансаптық өсу­ге, еңбек нәтижесі бойынша жалақы төлеуге мүмкіндік берді. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» өзара байланысты заң­

дардың қабылдануы барлық дең­ гейдегі мемлекеттік органдар қыз­ метіне қоғамдық бақылауды кү­шейтеді. ҚР Президенті Жарлығы­мен қабылданған мемлекеттік қыз­метшілердің Әдеп кодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы қағи­даның қабылдануы мемлекеттік қызмет әдебінің белсенді дамуы­ на және мемлекеттік қызметші­лердің моралдық­рухани ұстаны­мының қалыптасуына бастауда.

Құқық қорғау және сот жүйесі органдарында жасырын негатив­ті тәуелділік пен қарама­қайшы­лық ойларды анықтау мақсатында полиграфологиялық зерттеу жұ­мыстары енгізілді. Бейнебақылау жүйесінің орнатылуы сот үрді­сіндегі және құқық қорғау орган­дары қызметкерлерінің жұмысын және олардың тарапынан құқық­бұзушылықтарды бақылауға мүм­ кіндік берді. Квазимемлекеттік сек­торларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдасты­руда маңызды өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, ұлттық компа­ниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлар жасақтап бекі­

тіп, оны жүзеге асыруда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде және кадрлық саясат қағидасының ашықтығын қамтамасыз етуде.

Соңғы үш жылда сыбайлас жем­қорлықты қабылдамауды наси­ хаттау жаңа деңгейге жетті және қоғамдағы сыбайлас жемқор­лықты болдырмау дәрежесін кү­шейтудің маңызды факторына айналды. Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы заңнаманың жетілдіруі және әкімшілік үрдістердегі жем­қорлық деңгейінің төмендеуі Қа­ зақстанның экономикалық ынты­ мақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлықпен күрес Ыстамбұл жоспары аясын­дағы мониторинг үрдістеріне белсенді қатысуына себеп бол­ды. Қазақстанның сыбайлас жем­қорлыққа қарсы стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру ар­қылы тұрғындардың сыбайлас жемқорлықты азайтудағы мемле­кеттік органдардың жұмысына де­ген сенімін күшейтті.

Бүгінде Қазақстан Республи­касының сыбайлас жемқорлыққа

қарсы стратегиясының бірінші үш жылдық кезеңі табысты аяқтал­ды. «Транспаренси интернешнл» халықаралық ұйымы 2017 жылғы сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіне сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстыр­ ғанда өзінің көрсеткіштерін екі ұпайға және тоғыз позицияға жақсартқан. Сонымен қатар сы­байлас жемқорлықты түйсіну ин­дексін есептеу кезінде тоғыз ха­лықаралық рейтингтік агенттіктер зерттеулерінің нәтижелері қолда­нылды, оның алтауы біздің еліміз­де сыбайлас жемқорлық көрсет­ кіштерінің жақсарғандығын көр­сетті.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандық­тың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мі­нез­құлықты күнделікті дағдыға айналдыру қоғам мен мемлекеттік мекемелердің бірлескен жұмы­сы екені даусыз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жал­ғаса береді.

Жемқорлыққа қарсы саясат жоғары бағалануда

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына арналған

биылғы Жолдауында жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолындағы 10 негізгі міндеттің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес

екендігі көрсетілген.

Жақында Шыңғырлау ауда-нында Елбасы Жолдауының

мақсат-міндеттерін айқындап, стратегиялық жоспарды жүзеге

асырудың дайындықтарына қоса, жүргізіліп жатқан бастапқы

қадамдар барысын саралап, мемлекеттік қызмет саласының

бүгінгі тыныс-тіршілігіне бір екшеген кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қыз­ мет істері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс­қимыл агенттігі­нің аппарат басшысы Саян Ах­метжанов пен осы агенттіктің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов қатысты. Лауазымды қонақтар аудан орта­лығындағы халыққа қызмет көр­ сету орталығында болып, халық­қа электронды қызмет көрсе­тудің ілгерілеушіктері мен жұмыс барысындағы қажеттіліктер тұр­ғысында жергілікті мамандар­мен тілдесті. Бұдан соң аудандық ауруханаға соғып, дәрігерге қара­лу барысында кезекті болдырмау үшін электронды тіркелу арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстарға зер салды. Аудандық ауруханада бұл үшін арнайы ақпараттық­түсіндіру бұрышы жасақталған. Аурухана мамандары тұрғындар «Казмед» сайты арқылы «Дәрігерге» («К вра­чу») қосымшасымен ұялы смарт­фондар арқылы да тіркеле ала­тындығын жеткізді.

Жаңа талаптар жаңа сұраныс­тарды туғызады, бүгінгі «Цифрлық Қазақстан» деңгейіне өту талабы өз кезегінде жоғары жылдамдық­ты интернет желісін қажет ете­ді. Бұл мәселенің де жоспарлы түрде тез арада жүзеге асатын­дығы айтпаса да түсінікті. Жаңа қадамдардың барлығы биылғы Елбасы Жолдауындағы жоспар­лардың алғышарты екендігін атап өткен мәртебелі меймандар ау­дан әкімдігінде мемлекеттік қыз­меткерлермен кездесті. Кездесу барысында Саян Ахметжанов биылғы Жолдаудан туындайтын жаңа міндеттер туралы айтып өтті. Бір­біріне жалғас жүзеге асы­ рылып жатқан «100 нақты қа­ дам», мемлекеттік қызмет істері

жұмысындағы жаңа ерекшеліктер, былтырғы мемқызметкерлердің түгел аттестациядан өтуі, мем­лекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы үшін аса қажет қа­дамдар болатын. Бұл мемлекет­ тің халыққа қызмет етуін ашық, айқын көрсететін, сонымен қа­ тар қызмет көрсету тиімділігін, билік пен халық арасындағы бе­делді қарым­қатынастың қалып­ тасуын тудыратын факторлар еке­ нін жаңаша қырынан бір түсінді­ріп өткен бұл баяндаманы жиын­ға қатысушылар жылы қабылда­ ды.

Аудан әкімі Альберт Есалиев ауданда соңғы бес жылда сыбай­лас жемқорлық деректерінің тір­

келмегендігін, ауылдық елді ме­кендерде жас мамандар, мемқыз­меткерлердің алдыңғы қатарда баспанамен қамтылғанын, өмір­тіршілікке қажетті негізгі фактор­лар, яғни жұмыс, таза ауыз су, көгілдір отынмен қамту, баспана сынды мәселелер шешімін тауып жатқандығын атап өтті. Сондай­ақ мемлекеттік қызметкерлердің 99 пайызы жергілікті тұрғындар екен­дігі де қуанарлық жайт.

Жиыннан соң ауданға кел­ген лауазым иелері «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ,Шыңғырлау ауданы

Мемқызметкерлердің 99 пайызы жергілікті азаматтар

– Тиімді мемлекеттік басқа­ ру, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі мәселелері Жолдаудың сегізінші және то­ ғызыншы басым бағыттары ре­ тінде қарастырылды. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметті же­тілдіруге көңіл бөлінуде. Мем­лекеттік қызметте әдептілік пен ашықтық қағидатын ұстану маңызды. Мамандар мансап жолына сатылай көтерілуі тиіс. Басқа жол жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл әдістерін қылмыстық жазалау­дан бұрын оның алдын алу, жемқорлыққа апаратын себеп­тер мен тәуекелдерді жою – басты міндет. Халықты, азамат­тық қоғам өкілдерін, ең басты­ сы мемлекеттік қызметкерлер­ді осы міндетке мүдделі болуға шақырамын, – деді Саян Ах­метжанов.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Мансап жолы – сатылап көтерілу

Жақында Сырым ауда-нына жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

аппаратының басшысы Саян Ахметжанов келді. Аудан

активімен кездескен агент-тік өкілі Елбасының биылғы Жолдауы ауқымында қолға

алынатын іс-шаралар жөнінде баяндады.

Болат ИСАҚОВ,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша

департаментінің басшысы

Жемқорлықтың алдын алудың жаңа бағыты Қазақстан Республи­

касының 2015­2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен басталды.

Page 4: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

оТАндАсТАР4 Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай өткізілетін іс-шаралар тізбесі

Шара атауы Күні, уақыты Өтетін орны

Алғыс айту күніне арналған жиын

1 наурыз 2018 ж. сағат 09.30

Орал қаласы, «Қазақ халқына мың алғыс» монументі

Баталы ақсақалдардыңоблыс әкімімен кездесуі

1 наурыз 2018 ж. сағат 10.00

Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы,Қазақстан халқы ассамблеясының үйі

Мерекелік шара 1 наурыз 2018 ж. сағат 11.00

Орал қаласы, Жаңа алаңАстана шағынауданы

Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара

1 наурыз2018 ж. сағат 12.00

Орал қаласы, Темір жол вокзалының Чапаев алаңы, Привокзальная көшесі 1/1

1 наурыз – Алғыс айту күні

Өңірімізде шығыстың халықтық медицинасының білгірі Виталий Анды білмейтін жан кемде-кем шығар. Шипалы емі-мен халықтың алғысын арқалаған азамат Қазақ елін Отаным деп, әр қазақты бауыры санайды.

– Мен 1937­38 жылдарда кәріс халқының басынан кешкен жағ­дайларды атамның айтуымен бі­ лемін. Сол жылдары өз тірлікте­рімен бейқам жатқан елді аяқ ас­тынан шулатып, эшелонға тиеп әкетеді. Керек­жарақтары өз ал­ дына, құжаттарын да алуға шама­ лары болмаған халық өздеріне беймәлім елге кете барады. Қазақ­ станға келген соң құжаттарын реттегенше корейліктердің көбі далалық жерде жұмыс жасаған. Ол жылдар біздің халық үшін өте қайғылы, қиын кезең болды. Бірақ атам үнемі «Мен сол кез­дегі билікке түк те ренжімеймін. Әрине, алғашқы жылдары бұлай жер аударғандары үшін қатты қапаланып, өкпе­ренішімізді ай­татынбыз. Бірақ, шындығында, бұл жағдай біздің ұлт ретінде сақталуымызға себепші болды. Біз сол үшін де қазақтарға шексіз ризамыз. Олар өздерінің ең соң­ ғы бір тілім нанына дейін беріп, қайырымдылық танытты. Қолда­рында бар затын бізбен бөлісті. Қазақтардың да жағдайы ол кез­де мәз емес еді. Сонда да шеттен келген өзге ұлт болсақ та, бізді бауырына басып, туысындай көр­ ді», – деп айтып отыратын. Әрине, бұл өткеннің бәрін атам үлкен қиналыспен еске алатын. Бірақ қашанда қазақ халқы біздің өмірі­

«Менің Отаным – Қазақстан!»

мізді жалғады деп айтатын. Сол кездегі саясаттың шоқпарына тап болған кәрістер Қазақстанға ке­ліп рухани байлығын, тілі мен мә­дениетін қалпына келтірді. Біздің халық қазақ халқына шексіз риза.

Әкесі Константин Анның қыз­ мет бабымен Қазақстанның бір­ неше облысында мекендеген Виталий Ан әке жолын қуып, ме­ дицина қызметкері болды. Гер­мания мен Италия елдерінде қыз­мет еткен ол 2000 жылы отбасы жағдайымен Ақсай қаласына қо­

ныс аударады. Талай науқасқа ши­ палы ем дарытып, алғысын ал­ ған білгір маман бүгінде түрлі қа­йырымдылық шараларды да жа­сап жүр. Сондай күндердің бірі облыстық балалар үйінде өтіп, Виталий Анның өмірін өзгертетін жағдай бастау алады. Топ баланың ішінен қазақ баласына көзі түсіп, кө­ ңілі ауады. Өзін жанына жақын тартқанын сезгендей бала да Ви­талий Константиновичке ерекше жылылық танытады.

– Балалар үйінде ұлты әр түрлі 115 бала болған еді. Бірақ менің көңілім Асхатқа ауып, асырап ал­ғым келді. Оның ағасы да бар. Бірақ ағасы емес, Асхат мені өзіне жақын тартты. Менің өзіне де­ген әкелік ықыласыма ұлымдай жауап қатты. Әрине, менің бұл әрекетіме таныстарымның ара­сынан қарсылық білдіргендер де табылды. Бірақ мен райымнан қайтпадым. Меніңше, генде тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы әр балаға мейірімді жүрек, жан жылулығы қажет. Ата­анасынан көрмеген жы­лулықты танытуға тырыстым. Өз тәжірибеммен бөлісіп, бойымда­

ғы қасиетімді дарыттым. Қазір ол да өзінің рухани тәрбиесін өзге­лерге бөлісіп отырады. Елбасы­ ның «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы да балаларды осындай ас­қақ рухта тәрбиелеуге үндейді. Сондықтан да бұл бағдарлама біз­ дің ісіміздің немесе керісінше біздің қызметіміз бағдарламаның ажырамас бөлігіне айналды. Се­гіз шәкіртімнің көбі қазақ бала­лары. Асхат балам облыстық ауру­ ханадағы білгір массажист. Қай шәкіртімнің болсын бойынан қа­

йырымдылықты, ізеттілікті, білім­ге деген құштарлықты көріп қуа­намын.

Кезінде самбо, дзюдо, каратэ­мен айналысқан едім. Қазір Бөрлі ауданы бойынша каратэ федера­ циясының вице­президентімін. Халқымыздың спортпен шұғыл­данып, салауатты өмір салтын ұс­ танғанын қалаймын. Мен егер бір қазақты емдеп жазсам, барлық ұлтты емдегенім деп білемін. Ұл­ тымыздың дені сау болсын деп тілеймін. Өйткені дені сау ұлт Ел­басы қойған міндеттерді ойда­ ғыдай орындайды. Мен Қазақста­нымыздың гүлденуін, осы жолда барлық жақсылықты тілеймін. Ел­басы өзге елдерден еріксіз қоныс аударған ұлттарға Қазақстан кіш­кентай Отан болып саналады деген еді. Алайда менің ең үлкен Отаным – Қазақстан. Мен қазір кім болсам, осы елде осындай дәрежеге жет­тім. Ұлым Асхатқа «Өз еліңнің па­триоты болып өс» деп үнемі айтып отырамын, – дейді Виталий Ан.

Ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуден аудандық газет редакция-сына қоңырау шалынды. Өзіміздің жерлесіміз Надежда Холопова екен.

Надежда жылма­жыл жаз мау­ сымында Қазталов ауылында тұ­ратын анасы Валя апаға қыдырып келеді. Келген сайын аудандық кітапхана мен редакцияға да соқ­ пай кетпейтін. Ол – осы ауылда тұрған соғыс ардагері марқұм Владимир Холоповтың келіні. Ал, өзінің анасы Валя апа бүгінде Қазталов ауылында бақуатты тұрмыс кешуде. Валя апамен сөй­лесе қалсаңыз, қазақшасымен қа­ зақтарды сүріндіреді. Надежда кі­тапханаға келгенде өзінің қызы Викторияға қазақ тіліндегі кітап­тарды оқытып таныстырады. Өзі де қазақша оқып, еркін сөйлейді.

– Жастайымнан қазақ тілін біліп өстім. Өте сұлу да бай тіл. Қазіргі күнде Мәскеуде бұл тілдің ортасы болмағасын, жолдасым Коля екеу­міз тілді сағынғанда үйде қазақ­ша да сөйлесіп аламыз. Ал, жазда ауылға қыдырып келгенде қазақ тілінде сөйлеп, бір жасап қаламын. Айтпақшы, жастық шағымыз, Коля­мен алғашқы кездесудегі махаббат туралы сөздер қазақ тілінде ай­тылып еді. Туып­өскен еліміз Қа­ зақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні болғандықтан, өзімнің бауыр­ларым қазақ халқына алғысымды сіздер арқылы жеткізуді мақсат ет­тім. Газетке, әлеуметтік желіге са­ларсыздар, – деді телефон арқылы сөйлескен Надежда.

Біз Надежданың аманатын жет­кізуге асықтық.

Қайрат ЖАҚЫП, Қазталов ауданы

Мәскеуден жолданған тілек

Бүгінде Елбасымыздың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Туған жер» жобасы еліміз бен өңіріміздің түкпір­түк­ пірінде жүзеге асуда. Бағдарлама­ ның мақсат­міндеттері әрбір адам­ның кіндік қаны тамған жеріне құрмет көрсету, жанашырлық та­ныту деп ұғынамын.

Белогор ауылдық округі тұр­ғындарын біраз жылдан бері тол­ ғандырып жүрген мәселенің бірі – Утва өзенінен өтетін көпірдің жоқтығы еді. Көктем айларында бір ай бойына көпір су астында қалып, белогорлықтар, ауылға келген қонақтар қайық арқылы

Азаматтарға алғыс айтамын!

қатынап, түрлі қиындықтарға тап болып жүрген еді. Ауыл тұрғын­дарының бас ауыртар мәселесіне айналған түйткілді «Агрофирма «Жарас» шаруа қожалығының бас­шысы Мирболат Тасмағамбетов қолға алып, 7 млн. теңге өз қара­ жатына бұрын­соңды болмаған тамаша көпір салып берді. Соны­ мен қатар «Ақтау» шаруа қожа­лығының басшысы, аудандық мәс­ лихат депутаты Ержан Рамазанов 500 мың теңге өз қаражатына

Рүстем ЕСЛЯМОВ,Белогор ауылдық округінің әкімі,Шыңғырлау ауданы

«АҚТАУ» хоккей айдынын жасақ­тады. Бұл қысқы бұқаралық спорт түрлерін дамытуға және жаз ай­ларында шағын футбол алаңына айналып, оқушылар мен ауыл тұрғындарының спортпен шұғыл­дануына мүмкіндік береді. «Мұқа­нов» шаруа қожалығының бас­шысы Таубай Мұқанов 120 мың теңгеге ауыл атауы көрсетілген маңдайшаны жаңалап берді.

«Алғыс айту» күні қарсаңында Мирболат Тасмағанбетов басшы­лық ететін шаруа қожалығының ұжымына және туып­өскен ауыл­аймағына қамқорлық танытқан азаматтарға барша ауыл халқы атынан алғыс айтамын.

Page 5: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

дАлА-ҚАлА 5Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Бейсенбі күні Орал қаласындағы Эко-номика және ақпараттық технологиялар колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» шағын бағдарламасы аясында облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың ұйымдастыруымен «Туған жер, экология және мен» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға 11 аудан мен Орал қаласының мек­ тептерінен 70­ке

жуық оқушы қатысты. «Флора эко­логиясы», «Фауна экологиясы», «Экология және медицина», «Энер­ гияның дәстүрден тыс көзде­ рі», «Қалдықты пайдаға асыру» ата­ лымдары бойынша ғылыми жо­ баларын қорғаған жасөспірім өнер­ тапқыштар өз қолдарымен жасаған өнертабыстарын да ала келді.

Ұйымдастырушылардың айту­ ынша, оқушылардың ғылыми жо­ балар дайындап, сайыстарға қатысуы білім сапасын, шәкірт­тердің өнер­білімге деген құш­тарлығын айқындайтын маңызды

шара болып табылады. Баланың оқу­біліммен қатар ғылыммен айналысуы оның жан­жақты да­муына мүмкіндік береді. Жас өнертапқыштар ұсынған жоба­

лар түрлі бағытты қам­тиды және олардың қатарында дамытуды қажет ететін өміршең жобалар баршылық. Әсіресе, қалдықты пай­

даға айналдыру бағы­ ты бойынша жобалар

өте көп. Мәселен, Қара­ төбе ауданындағы Шал­

ғын негізгі орта мектебінің 9­сынып оқушысы Темірлан

Қабаев пластик бөтелкелер мен полиэтилен қапшықтарын бал­қыту арқылы гүл салынған құ­ мыра, қабырға сағаты, аспалы шам, қобдиша, сәнді қорапша­лар мен сауыттар сияқты түр­

Оның құрамында облыс­ тық филармонияның та­ нымал әншісі Айбар

Хайырханов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегенов, киелі сахнаның жас саңлағы Райымбек Ғабиденов және дәу­лескер домбырашы Берік Шай­марданов бар.

Әдемі кеш Айбар салған «Ақ­бақайдан» бастау алып, одан әрі сахнадан ән оздырған, Ғаре­кеңнің шәкірті Сағадаттың әуеле­

те шырқауы домбыра күмбіріне астаса аспандады.

Айта кетейік, Сағадат Рахмет­ жанов мұндай әдемі өнер кешін көршілес Ресей еліндегі қандас­ тарға да тамаша тарту етпекші. Ол осы жобамен алдағы айларда Ас­трахан, Саратов, Орынбор, Вол­гоград, Самара және Омбы облыс­ тарына баруды жоспарлап отыр.

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ,Шыңғырлау ауданы

Мұхит Мерәліұлы атындағы қоғамдық қор «Ғарекең жүрген жолдармен» жобасын қолға алып, бүгінде аудан-ауылды аралап, концерт қойып жүр. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сағадат Рахметжанов бастаған шығармашыл топ таяуда Шыңғырлау ауданына келді.

«Ғарекең жүрген жолдармен»

Жасөспірім өнертапқыштар сынға түсті

Бұл туралы Достық үйінде өткен «Латын қарпіне кө­шу – рухани жаңғыру» об­

лыстық жастар акциясында фи­лология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр айтты.

– Ұлттан бұрын тіл пайда болды. Тілсіз ұлт қалыптаспайды. Қазіргі уақытта латын әліпбиіне көшу жан­жақты талқылануда. Қазақ әліпбиі­ нің тарихы терең. Өткен ғасырдың басында «Біздің заманымыз – жазу­ дың заманы» деген Ахмет Байтұр­сынов араб әрпіне негізделген әліпби жасап берді. Әліпби 24 әріп, бір дәйекшеден тұрды. Орыс түркітанушылары оның Орта Азия бойынша озық жасалғанын мойын­ дады. Қытай қазақтары сол әліпбиді әлі күнге қолдануда. 1929 жылы кеңестік саясат ықпалымен латын жазуына өттік. Ол әліпбиде 29 әріп болды. Он жылдан кейін саясат сал­ қынымен кириллицаны қабылда­ дық. Әріптеріміз 42­ге жетті. Ал әріптің көптігі – алфавиттің нашар­лығы. Шын мәнінде, қазақ тілінде 28 дыбыс бар. Мектептегі оқыту жүйе­ сі бойынша берілген білім – қате. Әріптердің көптігінен қазақ тілі білімінде жүзден астам емле­ере­ же пайда болды. Орыс тілінің заңды­лығы күштеп таңылды. Халел Досмұ­ хаммедовтің «Қазақ тіліне кірген сөз қазақтың тымағын киюі керек» деп айтқаны ескерусіз қалды. Біз­ дің сөйлеу, жазу, ойлау дағдылары­мыз бұзыла бастағанын аңғар­ ған Әбдуали Қайдаров бастаған ғалымдар 90­жылдары латын гра­ фикасына көшу мәселесін қоз­ ғай бастады. Елбасымыз биыл «Қа­

зақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру тура­лы» Жарлыққа қол қойды. Жа­қында осы Жарлыққа өзгерту енгізіліп, әліпбидің жаңа нұсқасы назарға ұсынылды. Әлемдегі 110 ел латын әліпбиін қолдануда, ақпарат­тың 80 пайызы – ағылшын тілін­де. Мұндай жақсылықты жатсын­бауымыз керек. Латын әліпбиіне көшу – нағыз саяси мәселе. Жаста­ рымыз латын әріптері негізіндегі қа­ зақ жазуын тез меңгере алады. Сондықтан игі бастаманы қолдауда олар көш бастауы тиіс, – деді ғалым.

Айта кетейік, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыс­ тық білім басқармасының оқу­әдістемелік кабинеті «Мен қазақ­ пын!» халықаралық мегажобасы және «Рухани жаңғыру» бағдар­ ламасы ауқымында жастар акция­ сын ұйымдастырды. Акцияға зия­ лы қауым өкілдері, тілші­маман­ дар мен колледждердің сту­денттері қатысты. Облыстық тіл­ дерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева Алғыс айту күніне орай тіл майданын­да сүбелі үлес қосып жүрген фи­лология ғылымдарының канди­даты, доцент Ұлдай Ержанова, ақын Дариға Мұштанова, арда­гер­ұстаз Үзілдік Елеубаева, бло­ гер, облыстық «Приуралье» газе­тінің тілшісі Галина Самойлова­ны алғысхатпен марапаттады. Жастар акция барысында пат­риоттық әндерді шырқады.

Нұртай АЛТАЙҰЛЫ,«Орал өңірі»

«Тілдің жаңғыруы – ұлттың жаңғыруы»

ән БАйҚАуы шАҚырАды!

ән әлеміне өз есіміңізді қосыңыз!

Астана туралы шырқаймыз!

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және елордамыз – Астана қаласы­ ның 20 жылдығын атап өту, Астанамыздың мерейін, мәрте­ бесін асқақтату, ән әлемінде жаңа туындылар мен дарын­ дыларға мүмкіндік ашу мақ­ сатында Батыс Қазақстан об­ лысының мәдениет, архив­ тер және құжаттама басқар­ масының қолдауымен, облыс­ тық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруы­мен «Арман қала – Астана!» әуесқой композиторлардың облыстық ән байқауы 2018 жылдың қазан айында өткі­зіледі.

Байқаудың талаптары:1. Бұрын байқауларға ұсы­

нылмаған ән болуы тиіс;2. Байқауға әуесқой компо­

зиторлар қатыса алады;3. Композиторлардың жас

мөлшеріне шектеу жоқ;4. Байқауда орындалатын

шығармалар алдымен көркем­дік кеңеспен іріктеледі. Ірік­теу жабық түрде өтетіндіктен, шығармалар лақап атпен тап­сырылуы қажет;

5. Байқауға қатысу үшін әуесқой композиторлар екі шығарма тапсырады.

(бір әні – елорда Астана, екінші әні – туған жер, ел тура­лы)

«Арман қала – Астана!» әуесқой композиторлардың облыстық ән байқауы жеңім­паздары қорытынды гала­кон­цертте өнер көрсетеді.

Қазылар алқасы танымал өнер майталмандарынан құ­ралады.

Ұйымдастыру алқасы бай­қауға қатысу өтініштерін 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылдайды. Үміткерлерден қа­ жетті құжаттар, байқау жүл­делі орындары, өтетін күні, т.б. мәліметтерді берілген мекен­жай және байланыс телефоны арқылы анықтай аласыздар. Анықтама мекенжайы:Орал қаласы, Қасым Аманжолов көшесі, 53-үй.«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚКБайланыс телефондары: 8 7(7112) 50-09-16./Жет. маман Б. Ғ. Қайыров – 87071342964, 87011342964, 87057509934/Эл. пошта: [email protected]Тел/факс: 8 7(7112) 51-07-72.

лі кәдесыйлар жасап, сатуға бо­ латынын айтса, Шыңғырлау ау­данындағы Белогор негізгі мек­ тебінің оқушысы Аружан Мағ­зомова сарапшылар назарына қағаз және газет қалдықтарынан дайындалған фотоальбом, фото­ жақтау, құмыра, себет және т.б. тұрмысқа қажетті заттарды ұсын­ ды.

Конференция нәтижесі бойын­ ша «Қалдықты пайдаға айналды­ ру» аталымында Бөрлі ауда­ нына қарасты Ақбұлақ мектеп­балабақша кешенінің оқушысы Диас Ғайса жеңіске жетсе, «Фло­ ра экологиясы» бойынша Қара­ төбе ауданының Егіндікөл ЖО­ОБМ оқушылары Дана Сағи­ долла мен Самал Орынғалидың ғылыми жобалары үздік деп та­нылды. Ал «Фауна экологиясы» аталымында Орал қаласындағы №37 ЖОББМ оқушысы Дәу­лет Әдиетов жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаз бен жүлдегер­ ге дипломдар мен бағалы сый­лықтар табысталды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

Page 6: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

оТАҒАсы6 Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Қазіргі қоғамда әке рөлі қандай? «Нұр Отан» пар­ тиясы Тасқала аудандық

филиалының қолдауымен, «Ка­ мен» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен «Әке көрген оқ жонар» атты шарада әл­ гі сауалға жауап ізделінді. Шара­ ға қатысқан көп балалы отбасы­лардың отағалары мен «Ақ тілеу» әжелер ансамблі мүшелері өне­ гелі әңгіме өрбітті.

– Бұрынғы әкелер қатал, айт­қанынан қайтпайтын еді. Қас­қа­ бағымен­ақ бала­шағасын ықты­рып отыратын. Олардың алдын кесіп өту, айтқанын екі ету ойы­мызға кіріп те шықпайтын. Анала­рымыздың «Әкең келе жатыр!» деген сөзі­ақ есімізді жиғызып, еркелігімізді қойғызатын. Әкеміз­ ге деген құрметіміз анамыздың сөзі арқылы артып отырушы еді, – деген пікірін ортаға салған аудан­

Жұмақ ананың табанының астында десек, сол жәннат-тың ортаңғы қақпасы әкелеріміз екенін айтады Мұхаммед

пайғамбарымыз (с. а. у.) өз хадистерінің бірінде.

Адамды бұзатын не? Тағы сол – атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі, әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөр­тіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала – бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бү­ кір кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді – елу жас па, жүз бе, бәрібір оны аяқтап, мәңгі келмеске бір­ге аттанар сенімді серігің де – сол! Сол жалғыз серігіңе өмір­ де адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жал­ ғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

Әке мен бала арасында­ғы сыйластықты нығай­тып, отбасындағы әке

беделін көтеруді мақсат тұтқан отбасылық сайысқа Валиев, Исқа­лиев, Карин және Орынбасаров­тар жанұясының отағасылары қа­тысты.

Сайыс «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «Біл­генге маржан», «Әке көрген оқ жо­

ші О. Кәкімов әнмен көркемдеді. Отбасылық құндылықты насихат­ тауға арналған шараны тамаша­лаған Х. Есенжанов атындағы об­ лыстық балалар және жасөспі­рімдер кітапханасының қызмет­керлері мен ата­аналары сайыс­ тың бала тәрбиелеудегі маңыз­ дылығына тоқталып, ризашылық­тарын білдірді.

Аэлита РАЙСОВА,№6 «Шолпан»

бөбекжайының тәрбиешісі,Орал қаласы

нар», «Кім күшті?» атты кезеңдер­ден тұрды. Отбасылық сайыста әкелер балаларымен бірге өзде­рінің ата­тегін, руын таныстырып, бала тәрбиесі мен салт­дәстүр­ ге байланысты сауалдарға жауап берді. Сондай­ақ әкелі­балалы жанұялар «Тақия тастамақ», «Ите­ріспек», «Күш сынаспақ» ұлттық ойындарын ойнап, сайыс көркін қыздырды. Шараны бөбекжай пе­дагогтары мен музыкалық жетек­

дық ішкі саясат бөлімінің басшы­ сы Айгүл Дүйсенова бүгінгі әке­лердің бала тәрбиесіндегі орнына тоқталды.

Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, Оян ауы­лынан келген Мақат Қойшыбаев қазақтың әке­шеше түгілі, көр­ші­көлем мен бір ауылда тұрған азаматтарға үлкен сыйластық та­ нытқан халық екенін айтты.

– Үлгі­өнегесімен еліне жақ­ қан азаматтарды әкеміздей көріп өсіп едік. Ескерту айтса, құлақ тү­ ріп, ақылын алатынбыз. Соны абырой санап, сол адамның көңі­лін қалдырмайтынбыз, – деді ақ­сақал. Байқап қараған жанға бұл сөздердің жаны бар, әрине. Қа­ зіргі қоғамда баланың көрші тү­ гілі, әке­шешенің сөзін көтермей­ тін «мінездері» бар. Өз дегенін іс­ тетеді, болмаса өз­өзіне қол жұм­ сау әрекеттеріне барады. Кей жағдайда баланың әке­шешеге деген сыйластығы олардың ма­териалдық жағдайына тәуелді

болып қалатынына не дерсіз? «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деген дана ха­ лық ұрпағының аяқ астынан өз­ геруіне не себеп? Қазіргі заман­ ғы бала тәрбиесінде қателік кө­біне­көп кімнен кетіп тұр?

Бүгінде ауданымыз бойынша 1349 толық отбасы болса, толық емес отбасы саны – 358. Жалпы, еліміздегі статистикаға сүйенсек, 68 мыңнан астам жалғызбасты әке бар. Алайда олардың көпші­ лігі әйелімен ажырасқан соң, ба­лаға алимент төлемей жүргендер екенін ескергеніміз жөн. Алайда ана орнына ана, әке орнына әке болып жүрген кейбір алтын бас­ ты азаматтар да баршылық.

Аман­есен ер жетсе, екі ұлы екі қанаты болайын деп тұрған сон­дай азаматтың бірі – Самат Айт­баев. Оның әйелі Аида небары 25 жасында өмірден озған. Әйелі өмірден өткенде үлкен ұлы бес жаста, кішісі бес айлық болған. Тағ­дырдың сынағына мойымай, ке­лер күнге үмітпен қараған әкенің бар уайымы да, сенімі де – екі баласының болашағы.

– Көп жағдайда әке шешенің орнын баса алмайды деп жата­ ды. Жарымнан айырылғалы біраз уақыт өтті. Балаларым ер жетіп

қалды. Тәрбиелеу керек, аяқта­ рына тұрғызуым керек деген мақ­ сатпен өмір сүріп келемін. Ұлда­ рымды бағып­қағуда анам көмек­теседі. Жергілікті билік тарапы­ нан беріліп жатқан жәрдем аз емес. Баланың әке мен ана тәр­биесін қатар көргені, әрине, жақ­сы. Дегенмен, басқа салған соң көнбеске амал бар ма?! Өз басым­нан өткенді ешкімге тілемеймін, ­ деді С. Айтбаев.

«Әкесі бар баланың жебесі тас­тан өтеді» дейді қазақ нақылы. Де­ генмен, ана мейірімін сезіп өс­ кен балада арман бар ма, шіркін!

Аудандық мәдени­демалыс ор­ талығында қызмет атқарып, өне­рімен ел қошеметіне бөленген Мағжан Жұмағалиев көп балалы отбасында тәрбиеленгенін мақ­ тан етеді.

– Үлкенді аға, кішіні іні деп сый­лауды үйреткен әкеміз – өмірім­ де үлгі алып өскен тұлғам. Оның сабырлы мінезі мен адалдығы маған да дарыса екен деп арман­ даушы едім. Ауыл мектебінде оператор болып қызмет еткен әкеміз Тілекқабыл, анам Оралгүл, екеуі бес бала тәрбиелеп өсірді. Отбасымыздың берекеге толы

болуын тілейтін еді. Жаман әдет­ тен аулақ болу, дұрыс жүру, ел көзіне жаман көрінбеу ұл­қы­ зының мақсаты болды. Қарапа­ йым қызметте болса да, арманда­рымыздың орындалуын тілейтін, біздің алаңсыз оқуымызға барын салатын. Әлі есімде, студент ке­зімде маған ақша беріп жіберіп, сыртындағы қағазға өз есімін жазып жіберетін. Сондағысы үй­ ді сағынбасын, алаңсыз оқысын деген ниеті екен, – дейді Мағжан Жұмағалиев.

Тағдыр сый етіп берген ата­ ананы мақтау да, оларды мақтан тұту да – бала үшін парыз, үлкен абырой. Бір қызығы, шараға қа­тысқан мектеп оқушыларына «Өз әкелерің жайлы не айтасыңдар?» дегенде орнынан көтерілген жан болмады. Осыдан­ақ, бала әкесі жайлы айта алмайтындай не күн туды деген ойда қаласың. Әкеле­ рі мақтауға лайық емес пе? Әл­ де, күні бойы телефон мен ғалам­тордан қол үзбейтін балаға бү­ гінгі әке тәрбиесінің шапағаты сезілмей ме екен?..

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,Тасқала ауданы

Ұлттық, рухани құнды-лықтарды сақтау мен жаң-

ғыртуды көздейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында №6 «Шолпан» бөбек-жайында «Тек, әкелер, сендер

ғана лайықсың, хан сарайы патша тағына» атты отбасылық

тәлімгерлік сайысы өтті.

Сіз қандай әкесіз?..

Отағасылар сынға түсті

Page 7: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

сАяТ 7Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап?..»

ші орыннан көрінді. Ал ителгілер­дің сайысында алматылық Ғабит Таңатов және жамбылдық Данияр Нарбек баптаған құстардың өнері сәйкесінше бірінші және екін­ші орынға лайық деп бағаланды. Қаршыға, ителгі сайыстарында бірінші орыннан көрінгендерге 50 мың, екінші орын алғандарға 30 мың теңге ақшалай сыйлық та­быс етілді.

Бүркітшілер сайысында Батыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсеткен Жанәділ Ғазезов­тың құсы бесінші орыннан көрін­генін айта кетейік.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,«Орал өңірі»

Жуырда телеарнадан киіктің текесін мінген жігіттерді көріп

шошып кеттім. Кәдімгі даланың тарпаңын (жабайы жылқы) жаяу

жүріп ұстап, қолға үйреткен қазақтың ұрпақтары деп айтуға

аузың бармайды.

Қорғансыз киікті машинамен қуып, әбден шаршатып, ойына келгендерін істеуі – ешқандай

адамгершілікке жатпайтын жаба­йылық.

Бөрі басы ұраным,Бөрілі менің байрағым.Бөрілі байрақ көтерсе,Қызып кетер қайдағым, – деп

Сүйінбай атамыз жырлағандай, ұранымызға айналған, күні кешеге дейін басының бейнесі байрағы­ мызда болған бөріге де істемей жатқанымыз жоқ. Біздің бабамыз түріктердің көсемі Ашина жау­

жүрек, батыр, қолбасшы болған. Оны қасқыр асырап өсірген деген аңыз бар. Ежелгі түрік билеушілері келген елшілерді қасқырдың ба­сы бейнеленген туға тізе бүгіп, құрмет көрсеткеннен кейін қа­былдайтын болған. Қасқыр мал шаруашылығына зиян келтіреді деп түгелдей құртып жіберген Америка құрлығы түрлі жұқпалы аурулардан көз ашпай отыр. Ал бізде еріккеннің ермегіне айна­

лып, қарда жүретін шанамен қуып, атып, жараланған қасқырды итке талатып ойына келгенін істеуде. Бұрынғы қазақтардай жарау атпен қуып, дойыр қамшымен ұрып алса бір жөн ғой. Жалпы, жануарларды қорғайтын заң бар. Жүгенсіз кет­кендерді жауапқа тартпайды ма екен?.. Үйрек, қоянды айтпай­ақ қояйын. Кез келген аңшысымақтың қанжығасында жүр ғой. Қазіргі қазақтар қолына екі шортан ба­

лық ұстамай суретке түспейтін болыпты. Мен ешкімнен ештеңе қызғанып отырған жоқпын. Мұнай, газ, алтын, мыс, күміс сықылды жердің астынан өндірілетін ен байлыққа қоса, жер үсті байлығы да бәрімізге ортақ. Алланың бер­ ген сыйы ғой. Сондықтан да ысы­ рап қылмай, келер ұрпағымызға да бірдеңе қалдырайық. Ұрпақта­рымыз аңдардың өзін емес, суре­тін көріп жүрмесін...

Ертай СЕРДАЛИН,Егіндікөл ауылы,Қаратөбе ауданы

Ұрпағымызға да бірдеңе қалдырайық

Орал қаласында құсбегі-лердің «Қансонар – 2018»

республикалық турнирі өтті.

­ Қадірменді оралдықтар, қала қонақтары, ұлттық спорт жана­шырлары, бабаларымыздан асыл мұра болып жеткен құсбегілік өнердің Ақ Жайық өңірінде алғаш рет өткелі тұрған сайысы құтты болсын! Жаһандану дәуірінде салт­дәстүріміз бен ұлттық коды­мыздың сақталып қалуына әсерін тигізетін ұлттық нақыштағы спорт түрлерін жаңғырту – Елбасымыз­

дың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ай­тылған негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан спорттың бұл түрін өңірімізде жүйелі түрде дамыту­ға бел буып отырмыз. Халқымыз әрқашан ауызбірлікте болып, ұлт­тық дәстүріміз жаңғыра берсін, ағайын! – деді турнирдің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретін­де қатысқан облыс әкімінің орын­басары Ғабидолла Оспанқұлов.

Ортағасырлық Жайық қала­шығы маңында сенбі күні баста­лып, екі күнге созылған шараны тамашалаушылардың қарасы мол болды. Олардың қатарында жер­гілікті жұртшылықтан бөлек Ре­сейдің көршілес облыстарынан келген туристер де бар.

­ Дәл осындай турнир осыған дейін Маңғыстау, Атырау облыс­тарында өткен болатын. Енді бүгін Батыс Қазақстанда ұйым­дастырылуын осы өңірде құсбе­гілік өнерді дамытудың бастама­

сы деп білеміз. Бүгінгі турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырып отырған Батыс Қазақстан облы­сының әкімдігіне Қазақстан Рес­публикасының ұлттық спорт түр­лері қауымдастығының атынан алғысымды білдіремін, ­ деді ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдас­тығының вице­президенті Ерлен Оспанов.

Турнирде Астана, Алматы қа­лаларының, сондай­ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қы­зылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының құсбегілері өнер көрсетті.

­ Бүгінгі турнирге еліміздің ең мықты бүркітшілері қатысып отыр. Сіздерден кешірім өтініп

айтар болсақ, құсбегілер сайысы көптеген өңірлерде бүгінгідей деңгейде ұйымдастырыла бер­мейді. Төтенше жағдайлар, ден­саулық сақтау, облыстық спорт басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, баршаңызға зор алғысымызды білдіреміз, ­ деді ұлттық спорт түрлерінен мемле­кеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібаев. Турнирдің бас төрешісі болған Рамазан Ғайноллаұлы сайыс басталар алдында көрермен қа­уымға сақтық шараларын ұмыт­пауды мұқият ескертті.

Сайыстың ашылу салтанатын­да Ғарифолла Құманғалиев атын­дағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық ансам­блі өнер көрсетті. Жарыс өтетін жерге үш киіз үй тігілген. Оның бірінде өңірдегі қолөнершілердің қолынан шыққан ұлттық киімдер мен бұйымдар сатылса, екінші киіз үйге облыстық өлкетану му­зейінде сақталған саят өнеріне қатысты жәдігерлер қойылған. Ал электр пешімен жылытылған үшінші киіз үйден келушілердің барлығына қазақтың ұлттық та­ғамдары бауырсақ, көже, айран, құрт, ірімшіктен тегін дәм татуға мүмкіндік жасалған.

Турнирдің алғашқы күнінде барлығы 16 қыран сынға түсті. Салғаннан Ақмола, Атырау, Жам­был облысынан келген құсбегі­ лер жоғары ұпаймен көш бастап, келесі күнгі сайысқа 10 қыран

іріктеліп алынды. Екінші күнгі шырға тартудан кейін жеті қыран ақтық сынға шықты. Осы күні көпшілік қаршыға мен ителгінің иесі айналдырған шырға мен кеп­терді әуеден бүріп түскеніне, бүр­кіттердің үй қоянына шүйліккені­ не куә болды.

Сайыс қорытындысында бас жүлде алған атыраулық бүркітші Арман Қошқаров 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапаттал­ды. Жамбыл облысынан келген Бақдәулет Бабабажанов екінші орыннан көрініп, 100 мың теңге­ге ие болды. Ал Ақмола облысы­нан келген Бергенбай Тастанбек және астаналық Серікбек Күнту­ған үшінші орынды тең бөлісіп, әрқайсысысы 50 мың теңгеден иеленді.

Сайысқа қатысқан қос қаршы­ғаның екеуі де Жамбыл облысы­нан болатын. Серікболсын Жал­ғасұлының қаршығасы бірінші, Қалижан Дауылбаевтың құсы екін­

бір айтарымыз, ақпанның он бе­сінен кейін қоян, қарсақ, түлкі, қасқырды аулауға болмайды. Заң бойынша қысқы аңшылық мау­сымы жабылады. Өйткені аңдар­дың жұптасу уақыты басталып кетеді. Сондықтан қазір бүркіт­ терді қолға қондыру, еркін ұшыру, шырға тарту арқылы сынаймыз. Асыра мақтамай, сөздің турасын

Суреттерді түсірген Айбатыр НҰРАШ, Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Page 8: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

АРдАгеР8 Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Бірде мал асылдандыру жұмыстарына үлес қоспақ ниетпен Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылына барғанымызда, Мәлік Шалменов ағамыздың академик атағын алғаны туралы жақсы хабарды естіп, ауыл адамдарымен бірге қуандық. Егіндікөлдің қарадомалақ балаларына дейін атақты академик Мәлік ағасын үлгі тұтып, солардай елге еңбегі сіңген азамат болуды арман-дайтынына куә болдық.

Ендігі әңгіме былайғы жұрт Егіндікөл ауылына мақтаныш болған про­

фессор Мәлік Шалменовты біле ме екен? «Жақсының жақсылы­ғын айт, нұры тасысын» деген­ дей, осы сұраққа жауап ре­ тінде ғалым аға туралы бір үзік сырды сіздердің назарыңызға ұсы­ намыз.

Аққұмнан шыққан академик

жалтақтамай, ашық та батыл айтып жүр. Бүгінде зейнет жасына жетсе де, еселі еңбегімен, зерделі зерт­ теулерімен, тың ізденістерімен жас­ тарға өнеге көрсетуде. Ол – эпизоотология, паразитология жә­ не ветеринарлық санитарлық са­раптау кафедрасының профес­ соры қызметін абыроймен атқарып жүрген білікті маман, ұлағатты

тепке деген қамқорлықтың бір көрінісі. Ол Москвадағы К. Скря­ бин атындағы Бүкілодақтық гель­ минтология институтының ас­ пирантурасын бітіріп, ветери­нария ғылымдарының кандида­ты мәртебесін, 1991 жылы до­цент ғылыми дәрежесін алды, ғылыми зерттеулерді ұлғайтуға, ғылыми кадрларды дайындауға,

публикасының ғылымын дамы­ туға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Ветеринария сала­ сын дамытудағы еңбектері үшін» және «Білім шыңы» медальдары­ мен марапатталған. Мәкең шаңғы тебу, жүгіру, балық аулау, аңға шығуды жақсы көреді, соны­мен қатар саяжайда жұмыс жа­ сағанды өте ұнатады. Академик Шалменов – өнегелі шаңырақ иесі, жанұяның ұйытқысы, қамқор әке және Шалменовтердің тату­ тәтті әулетінің мейірімді ақыл­шысы. Мәлік аға Әлипа жеңгеміз екеуі үш перзент сүйіп, оларды қатарынан кем қылмай жеткізіп, бүгіндері біраз немере­жиеннің қызығына кенеліп отыр. Осынау тамаша қасиеттерінің арқасында Мәлік Шалменұлы шәкірттерінің, әріптестерінің, жора­жолдастары­ ның арасында айрықша құрмет­беделге ие. Профессор М. Шал­ меновтің ғылыми мектебі өр­ кендеп, тамырын тереңге жаю­ да. Ғалым ағаның ел игілігі­ не үлес қосып жүрген шәкірттері де ұлағатты ұстазының жолын жалғап, бастаған істерін баянды ете түсуде.

Болатқали ТӨЛЕБАЕВ, Жәңгір хан атындағы

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

университетінің доценті, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының кандидаты

ветеринарлық ғылыми­зерттеу стансасының материалдық­техни­ калық базасын нығайтуға тіке­лей атсалысты. Ғалым ұсынған эхинококкозбен күресудің әдіс­тәсілдердің жиынтығының келе­ шегі зор, экономикалық тұрғы­ дан тиімді жеңіл орындалады. М. Шалменовтың докторлық дис­ сертациясында жаңа сапалы дезинвазиялық дәрмектер жа­ салып, олардың қолдану тәсіл­дері жетілдірілді. Иттердің эхи­нококктарының дернәсілдері мен жұмыртқаларына қарсы сырт­ қы орта нысандарын дезинва­ зиялауға арналған тиімді дезин­ вазиялық дәрмектер ұсыныл­ ды. Мәлік ағамыздың ғылыми жетекшілігімен бір PhD докторы, бір ғылым кандидаты, 10 магистр диссертация және 45 түлек дип­ лом жұмыстарын қорғады. Со­ нымен қатар 230­дан астам ғы­ лыми еңбектері, соның ішінде алты оқулық, 41 ғылыми әдістемелік нұсқау, ұсыныстар, тоғыз автор­ лық куәлік, алты ҚР алдын ала патенті, екі ҚР инновациялық патенті, 12 плакаттары бар. Ол ветеринария саласындағы айрық­ ша маңызды міндеттерді шешу­ ге, малдың облысымызда кең та­ раған бруцеллез, туберкулез, эхи­ нококкоз, ценуроз, эстроз жә­ не басқа да аурулармен күрес шараларын іздестіруге, сол ар­ қылы облысымыздың азық­түлік бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етті. Белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы­ ның ауыл шаруашылығы ми­ нистрлігінің, Қазақ МҒЗИ, об­ лыстық аумақтық басқармасы­ ның, Батыс Қазақстан облысы әкімінің, БҚАТУ ректораты Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Рес­

Профессор М. Шалменов Жәң­гір хан атындағы БҚАТУ­ға қарас­ ты ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті арда­ герлер кеңесінің төрағасы, Мәлік ағамыздың жұмыс кабинеті оқу ғи­маратының үшінші қабатында ор­ наласқан. Мейрамдармен құттық­тап, көрісіп немесе ақылдасып кеңесу үшін ағамыздың кабинеті­не барып тұру біздің дағдымызға айналған. Ғалым ағаға ұстазға тән ұлағаттылық, ғалымға тән ізденім­ паздық, маманға тән біліктілік, жетекшіге тән талапшылдық, жақ­ сы адамға тән қарапайымды­ лық сондай жарасады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, се­гіз қырлы, бір сырлы азамат. Аз сөйлеп, көп тындыратын, арық айтып, семіз шығатын аза­мат. Мәкең білім мен ғылым, атакәсібі мал шаруашылығы мен ветеринария, оның ішінде парази­тология туралы ойларын ешкімге

ұстаз, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Ол Қаратөбенің Егін­дікөл ауылында 1948 жылы 28 ақпанда дүниеге келіпті. Ұлы Отан соғысынан Жеңіспен оралған майдангердің ұлы, Аққұмның қа­рапайым қара баласы. Қаратөбе­ден шыққан тұңғыш ветерина­ рия ғылымдарының докторы 2012 жылдан бермен қарай Егіндікөл орта мектебінің үш жақсы оқитын оқушысына (әрқайсысына 40 мың теңгеден) жылына 120 000 теңге профессор М. Шалменов атындағы шәкіртақы тағайындап, өз қаражаты есебінен төлеп ке­леді. Бұл жәй ғана жомарттық емес, сонымен қатар жеткіншектер­ді жан­жақты жақсы білім алуға ынталандырып, үлкен ғылым жолына түсіруге бағыттаған ізгі ниет, туған жерге деген перзент­тік парыз бен өзі оқыған мек­

Бақытты ата-әже үрім-бұтағының ортасында

Академик Мәлік Шалменов шәкірттерінің арасында

Page 9: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

9хАлыҚ Пен билікСейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатын­да 18 адамнан тұратын

жұмыс тобы құрылды. Сондай­ақ өткен жылы құрылған «Рухани жаңғыру» кеңсесінде бір әкімгер, үш менеджер қызмет атқарады.

«Тәрбие және білім» кіші бағ­дарламасының «Өлкетану» база­лық жобасы аясында 14 шара өтті. Жас ұрпақты туған өлкенің қыр­ сырына үңіліп, табиғатты аялай білу мақсатында ұйымдастырыл­ ған «Қаратөбе – Мәженсай – Тал­тоғай» экспедициясы, мектеп оқу­шыларының ауданның тарихи жерлері мен мұражайына сапары оқушыларға әдемі әсер сыйлады.

Ауданымызда жас ұрпақты ұлт­тық құндылықтарымызды және есімі елге белгілі тұлғаларды дә­ріптеуге бағытталған шаралар жиі ұйымдастырылады. Мәселен, «Көр­ кем ой, көрікті тұлға иесі – қазақ­тың Қажымы» ғылыми конферен­циясы, «Мектепке тағзым» атты түлектер форумы, «Туған жер – тұнған шежіре» шығармалар бай­ қауын ерекше атап өтуге бо­ лады. Ұлттық өнерімізді жас ұр­пақ санасына сіңіру мақсатында Қаратөбе мектеп­гимназиясында және Аққозы жалпы білім бере­тін мектебінде домбыра үйір­ месі және аудандық саз мекте­бінде домбыра сыныбы ашылып, 72 оқушы қатысып жүр. Алдағы уақытта Соналы, Қаракөл, Мұхит атындағы мектептерге қоғамдық негізде үйірмелер ашу жоспар­лануда.

Жас буынның өзі өскен өлке­нің өткен тарихын біліп өсуі үшін музейлердің алар орны ерек­ше. Осы бағытта аудан бойынша Б. Қаратаев атындағы және Егінді­көл мектептерінде музей жұмыс жасайды. Қосымша Шөптікөл, Қа­ратөбе мектеп­гимназиясы, Қал­дығайты, Жамбыл мектептерінде музей ашу, музейлерде «Рухани жаңғыру» бұрышын жасақтау ­ алдағы жоспарлардың бірі.

Ауылда өсіп­өніп, бүгіндері кә­ сібін дөңгелетіп жүрген, елге қа­райласып тұратын атымтай аза­маттардан Қаратөбе өңірі де кен­де емес. Өткен жылы «Жомарт жүрек» жобасы аясында аудан бо­ йынша меценаттардың және кә­сіпкерлердің демеушілігімен 15 жоба жүзеге асып, 10 млн. 278 мың теңге қаражат жұмсалды. Олардың қатарында «KazKonstructionGroup» компаниясының Сулыкөл ауыл­ дық округіне қарасты Үшана елді мекеніндегі ескі фельдшер­лік пункт ғимаратын бұзып, ор­нына жаңа ғимарат салуы, жеке кәсіпкер Ж. Тәжіғалиевтің Егін­дікөл ауылына «ДТ­75» тракто­ рын сатып алып беруі және «Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқановтың «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне қатысу үшін 13 бала­ ға демеушілік жасау шаралары бар. Сондай­ақ «Азаматтық баста­

малар картасы» базалық жобасы аясында Егіндікөл, Жусандыой, Қаракөл, Саралжын ауылдық ок­ругтерінде жерлестер форумы және Аққозы, Шөптікөл, Б. Аман­шин атындағы мектептерінде тү­ лектер форумы ұйымдастыры­ лып, Мұхит атындағы орта мек­тепте «Мектепке тағзым» атты мек­теп түлектерімен дөңгелек үстел өтті.

Ауданымызда жүрегі мейірім­ге толы жастардың көптеп өсіп келе жатқаны қуантады. Осы ба­ғытта жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдас­ тыруымен өткен республикалық қайырымдылық акциясы, «Жүрек­тен жүрекке» қайырымдылық кеші көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Атамекен» кіші бағдар­ламасы аясында биыл меценаттар­дың демеушілігімен жалпы құны 42 млн. 405 мың теңгені құрайтын 40 жобаны жүзеге асыру жос­

парланды. Оның 17­сі әлеуметтік, 19­ы инфрақұрылымдық, төртеуі материалдық көмек көрсету жо­басы. Сондай­ақ елді мекендерді жарықтандыру, балалар ойын ала­ңын салу, спорт алаңдарын және дәрігерлік амбулаторияларды, мә­ дениет үйлерін қосымша қажетті құрал­жабдықтармен қамту жос­ парланып отыр. Жусандыой ауыл­дық округінде жоспарланған бес жобаның бірі қаңтар айында жүзе­ге асты. Ауыл балаларының спорт­қа деген қызығушылығын артты­ ру мақсатында кәсіпкер Н. Панға­лиев Жусандыой мектеп­балабақ­шасына 100 мың теңгенің спорттық құралдарын сыйға тартты.

Алдағы уақытта «Рухани қазы­ на» кіші бағдарламасының «Спорт­тық рух» базалық бағыты бойын­ша ҚР абсолюттік чемпионы Еңсеп Досқалиевті еске алуға арналған қазақ күресінен IV республикалық турнир, жасөспірімдер арасында

қазақ күресінен облыс біріншілігін өткізу жоспарлануда. Сондай­ақ «Күй күмбірі» атты Ұзақ Мырза­баев атындағы II республикалық күйшілер байқауын, Қаратөбе ау­данының 90 жылдығына арнал­ ған облыстық ақындар айтысы мен облыстық семинар­кеңес ұйымдастыру, БҚО бойынша «100 жаңа есімге» енген Ақсерік Әйті­мовпен кездесу, «Жергілікті ту­ризм» базалық бағыты бойынша «Жұмыр­Сасық», «Шошақ­мола», «Мәңгүр­Дастан» секілді ауданның қасиетті жерлеріне экспедиция ұйымдастыру – алға қойылған негізгі міндеттердің бірі. Алдағы уақытта да ұлттық құндылықта­рымызды насихаттап, ел­жұрттың рухын асқақтатар игі шаралар жалғасын таба бермек.

Жасұлан СҰЛТАН,Қаратөбе ауданы

әкімінің орынбасары

Меценаттардың көмегімен 40 жоба жүзеге аспақ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру

мақсатында былтыр Қаратөбе ауданында 89 іс-шара ұйымдастырылып, оған 9410 адам қатысты.

2017 жылы Қаратөбе ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында89 шара ұйымдастырылып, 9410 адам қатысты

«Өлкетану» 14 шара 2320 адам

2018 жылға 42 миллион 405 мың теңгені құрайтын 40 жоба жоспарланып отыр

«Отаным – тағдырым» 12 шара 1928 адам

«Саналы азамат» 19 шара 3814 адам

«Қазақ тілін латын әліпбиіне

көшіру» 17 шара 732 адам

Page 10: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

әдебиеТ әлемі10 Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Аяулы шайырдың поэзия­дағы қолтаңбасын жас буынға насихаттау мақ­

сатында Ақжайық орталық модель­ді балалар кітапханасында мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқудан «Сағат жырының сыңғы­ ры» атты байқау ұйымдастырылды. Өмірге деген кіршіксіз сезімнің қайнары болып табылатын жыр­лардың иесі, жапырақтың дірілі­нен сыр ұққысы келген Сағат тура­лы ақындар Үзілдік Елубайқызы, Тілес Жазықбай және Сағынтай

Бисенғалиев естелік әңгімелер айтты. Шығармалары өмірдің өзін­ дей ақын өлеңдерінен оқушылар­дың хабардар болуы да бізге әдемі әсер сыйлады.

Байқау қорытындысында «Авто­бустағы айқас немесе туған тіл» атты өлеңнің бүкіл бояуын жеткі­зе білген Абай атындағы мектеп­гимназиясының 3­сынып оқушы­сы Қошай Хансұлтан бас жүлдені жеңіп алды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ,Ақжайық ауданы

Сағат жырының сыңғыры

Поэзия әлемінде өзіндік өлең өрнегімен із қалдырған, қазақтың Қадырының қошеметіне бөленген Сағат Әбдуғалиев егер арамызда жүрсе, 70 жасқа толар еді. Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылының түлегі Сағаттың «Құлыншақ көктем», «Көзайым келешек», «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты жыр-жинақтарын жұрты сүйіп, оны сағынып оқиды.

Сағат ӘБДУҒАЛИЕВ

Кіндік жұрт – Қазақстаным

Тудырып пікірталасын,Жайым жоқ елді екшемек.Бөлмеймін қазақ даласын:Жетісу,Жайық,Көкше, – деп.

Даңқтан дарқан дәулетім,Шабыттың шоғын шат үстеп,Бөлмеймін баба әулетін:Оңтүстік,Шығыс,Батыс, – деп.

Оятып түнде үш рет,Інжуін тапсын ізгі өлең.Ұлы деп,Орта,Кіші, – деп,Бөлмеймін және «жүзге» мен.

Шапағат шағым шашты ірең,Көңілді билеп құт кенен.Жаудан да бетер қаскүнемЖұртымды,Жерді жіктеген.

Жойылсын адам аласы,Кеппеген күншіл ұрты удан.Қарқара қазақ даласы,Теңізі,Тауы бір туған!

Жаңбырлы жаздың жалты игі,Шалғынға түсіп шық­теңге.Қазақтың жаны аңқиды:Жусаннан,Қардан,Сүттен де!

Арғымақ шалып қырларға,Сүйемін күнді,Ай төсін.Рухымды көріп тұрғандаРуымды сұрап қайтесің?!

Бөлмеймін түрге түндікті еш,Тұғырда тұрам тас түйін.Қандары бірге, кіндіктес:Қарт Арал,Ертіс,Каспийім.

Төсеулі көрпе, төрі кең,Табатын туыс,Дос талай.Жанымның бірге көгімен:Гурьев,

Шымкент,Қостанай...

Сарыарқа жері – сом алтын,Бұрымы бидай,Сәнді иық.Маңқыстау – донор,ЖомартымҒасырға жатқан қан құйып.

Қаратау жері – қазынам,Толағай істен тапты ырыс.Сылыңғыр Сырдың жазынан,Сырғасын қақты ақ күріш.

Бұлбұлға толы көгалы,Жетісу жері – жыршы әлем.Жайықтың бегей бораны,Серілігің үшін бір сәлем!

Балға мен Орақ – бас таңба,Тұрпатын елдің танисың.Тоғайдан,Көлден,Тастан даЖұтамын жұпар нан иісін!

Қияннан мені тартады,Ошақтың әрбір оты ұнап.Не деген едің арқалы,Қазаққа біткен топырақ!

Сандуғаш таңда саз құйып,Жаңбырға жастай жудым бет.Аспан да менен аз биік,Алдияр жерде тудың деп!

...Сайраттың құмбыл құс тілде,Жанымның жаз ағыстарын.Тілегім сенің үстінде,Кіндік жұрт – Қазақстаным!

Сенімге сыйынуАласа боп жазықтағы жусаннан,Жетім жігіт жетіседі қуса арман.Жарты күлше жарып жеген жолдас көп,Жаулар да бар табағыма у салған.

Ұнатпаймын үрдістерді ұрты қан,Абайласаң – адам іші кіл тұман.Жаны жайсаң жігіттердің, жарқыным,Жалған сөздер жүгіреді сыртынан.

Бақастықтан бықсытпайтын бос егес,Жақсылық пен жанашырлық көшелес.Мен алдансам, зымыстанға алдандым,

Зымыстандар зынданда да дос емес!Бағамдайды біреу ерте, біреу кеш,Ішмерезді керек екен іреуге ес.Мен сүйенсем, достарыма сүйендім,Достар менің тұлпарыма тілеулес!

Арманыма айта алады кім ілік,Қаршадайдан жетектеді жыр­үміт.Мен табынсам, Отаныма табындым,Отан деген әрдайым да ірілік!

Жапырағы жайқалмастан жаз айым,Пешенеме тапқан жоқпын аз уайым.Ақындарға семсер сілтеп жүргендерАр сотынан алар түбі сазайын.

Жол ауыры еңіреген ерге сын,Ездігіне еншілейді ел кесім.Аждаһа ажал жармасқанда жағама,Көңілімнің күнін бірге көмбесін.

Ақиқатқа тіреп қойып ат басын,Абыржымай шоттың шымыр қақ тасын.Біздің ұрпақ үрікпейді сайтаннан,Адамдардың сайтанынан сақтасын!

Қызықтарға кенелермін жетсе дем,О, келешек, айырмасын тек сенен.Туғанымда танып алған қалың жұрт,Бағасын да бұлдамайды деп сенем.

Дауыс туралы дискотека

Тереңнен ойым тапса кен,Жүрмеспін сені жырлап аз.Жайыққа жеткіз ақ сәлем,Көктемде қайтқан тырна­қаз.

Жанымды жебеп ұлы екпін,Көңіл ме мына құрсаулы ат.Жәудіреп жеткен жүректің,Сағыныш қаны тұр саулап.

Қоймаймын кербез көлге сын,Тостаған суы тәтті әйгі.Жоғалып қайтқан жерлесін,Сұр жыланы да шақпайды!

Жұпарды жаным кешті анық,Көгалда жатып көйлекті аш.Жеткіншек кезді еске алып,Сайларда кетті сөйлеп тас:

– Телміріп түндер әйнекте,Бесікке ойды он бөлеп.Әкетті сені қай бетке,Дүние деген – дөңгелек?!

Құстары сайрап не түрлі,Құмарпаз күйде бақ­тоған.Мінезің сенің секілді,Жайықта соққан ақ боран.

Мәртебе шыңы – мұрсат тақ,Желікке қызыл жетер кім?!Маңдайдан терің бұршақтап,Жөпелдем неге жөтелдің...

Жарқырап аспан әлемі,Көңілді жеткіз көк шыңға.Біреудей даусың бар еді,Жоғалтып алған жоқсың ба?

Шабады шабдар ой мыңға,Сырлардан тартсам суыртпақ.Тірлікте балға тойдың ба,Ушықтың неге у ұрттап...

Жалғанға кімдер бас ұрған,Күлліні көрді көз мынау.Қарғалар сайрап қасыңнан,Жарығым, кейде тоздың­ау.

Күндерден қалып көп белгі,Көтерді бәрін жас иық.Шырқайтын кезің жетті енді,Болмысқа мұқым бас иіп.

...Ұласып түндер таңға аман,Жондардан соқты майда леп.Жоқтайды екен жан далам,Сағаттың...Сағаттың даусы қайда деп?!

Ауылдағы Анна КернКүте­күте үздіккен үміт таңын,Құбыжық құпияны құлыптадым.Жүректегі диюың дәл біледіЖырыңнан да ынтазар жігіт барын.

Таразылап алтын мен жез бағасын,Құлагер ой­қиялдың кезді ағашын.Аспандағы жұлдызды соқыр етер,Жаным, сенің ботаңа көзқарасың.

Жаным, сенің айпара ақ тамағың,Тәжікемді тежемей топта қалың,Тамұқты да жарық қып жібереді,Шындық үшін басады шоқ табаным.

Таппаса да ерніңнен ерін нысап,Бұрынғыдай тіршілік көрінді шат.Түсімде де тұрасың, кербезім­ай,Ұлы Пушкин жырлаған Керн құсап.

Талайдағы тірескен төзімді үгіп,Тепсінеді қай күні сезім бүлік?!Кешіп келе жатасың көшемізді,Құпияны мен және өзің біліп.

Жолдамайды жарастық жырды бөтен,Тұғырыңда тиянақ тұрды бекем.Бір­бірінен жасырған іңкәрлігінӘлемдегі әдемі сұмдық екен!

Алғандай­ақ аз ғана шарап ішіп,Бір бәдәуи жүректен барады ұшып...Қасіреттің көкесі менде екен ғой,Қара түннен іздеген қара мысық!

Махаббат әуеніКезікпей қызғышыма құсты көлден,Сарқанат сағынышым ұшты бермен....Іздедім інжу кірпік іңкәрімдіЖаздағы жасыл бульвар, скверден.

Бұйғытып бауырында бір ән қайран,Отырсын байыз тауып қыран қайдан?Тастақтың тас көшесін тасырлатып,Іздедім тырна тізбек трамвайдан.

Көгерді ақ көйлегін тастап бар маң,Көк еді­ау көкіректе бастапқы арман!Ілесіп көбелеккөз көктемдерге,Іздедім сыңсып аққан составтардан.

Махаббат жүректерге жарық берген,Әйтпесе ақын жұрты дәріптер ме ең?!Сенімнің сексен теңін сертке байлап,Іздедім арулар көп парктерден.

Сағынып сымбаттымды түледі әр таң,(Махаббат машақаты, міне, қалқам).Дүр сілкіп селебояу сәулелерді,Жас үміт үзілмеді – жібек арқан.

Тоғысар тілегінің нәші мұқым,Жігітпін жанары нұр, басы бүтін.Мен сені табуға да тиіспін ғой,Өйткені өшкен емес жас үмітім!

Page 11: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

хАбАР-ошАР 11Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.

белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

Е-mail: [email protected]

Телефондар:

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 292, 3 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: н. ОРАзАЕв

А

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰЯҚОВ, Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕВ (экономика бөлімі).

«Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» облыс әкімдігінің қау­ лысы жобасын келесідей сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1813809 арқылы көруіңізге болады. Қаулы жобасы бойынша ұсыныстарыңыз болса, пікір қалдыруыңызға болады.

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес (57­бап), «Жайық­мұнай» ЖШС «НИПИнефтегаз» АҚ дайындаған «Чинаревское кен орнының муллин түзілімдеріне тік ұңғымалардың құрылы- сына топтық техникалық жоба» БҚО бойынша экология депар­ таментіне жобалық құжаттаманы мемлекеттік экологиялық сарапта­ма жүргізу үшін ұсынуды жоспарлауда.

Барлық мүдделі тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктерге мемле­кеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында келесі мекенжай бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік беріледі: БҚО, БҚО бо­ йынша экология департаменті, Орал қ., Л. Толстой көшесі, 59. Тел.: 50­04­81, 51­92­98, факс: 51­29­81.

Жуырда жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) және туберкулездің алдын алу мекемелерінің мамандары қаладағы шағын және орта бизнес өкілдеріне арнап «Туберкулездің және ЖИТС жұқпасының бизнеске ықпалы» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарда ЖИТС­тің алдын алу бойынша облыстық орталық бас­шысының орынбасары Алмагүл Мантакова жазылмас дертке шал­ дыққандардың бизнес жүргізуге қалай әсер ететіндігі туралы ақпа­ рат беріп, ЖИТС­тің әлемдегі, елі­ міздегі және Орал қаласындағы эпидемиологиялық ахуалымен та­ ныстырды. Алмагүл Ақжұмақанқы­зының мәліметінше, еліміз бойын­ша ЖИТС жағдайы тұрақсыз және

көрсеткіш жылдан­жылға ұлғайып келеді. Ал облыс бойынша аталған ауруға шалдыққандардың басым бөлігі оны жыныстық жолмен жұқ­тырған және олардың дені 20­29 жас шамасындағылар.

ҚР Денсаулық сақтау министр­ лігі Дүниежүзілік экономикалық форумы (ДЭФ) жыл сайын ұлттық экономикалар рейтингісін өткізе­тінін және елдердің жаһандық бә­секеге қабілеттілігі туралы есеп түзіп, баяндама жасайтынын ха­барлаған болатын. Жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік индексі (ЖБИ) ел­дердің даму индикаторларының бірі ретінде қарастырылады. ЖБИ 119 көрсеткіштен тұрады. Бұлар­дың бірі – денсаулық бөлімі. Ал ЖБИ рейтінгісіне ЖИТС­тің бизнес жүргізуге әсері және 15­49 жаста­ғы тұрғындар арасында таралуы бойынша екі көрсеткіш енгізілген. Қазақстан ЖБИ рейтингісіне 2005 жылдан бері қатысып келеді.

– Бірінші индикаторды бағалау үшін кәсіпорын басшыларынан жыл сайын анонимді сауалнама алынады. Сауалнама жүргізу биыл наурыз айына жоспарланса, келесі жылдан бастап онлайн режимде өткізілмек. Сұрақтар жұмысшының өлімі, еңбекке қабілетінің төмен­деуі, медициналық және жерлеу­ге байланысты шығындар, еңбек өнімділігі секілді мәселелер төңі­регінде болады. Кәсіпкерлер үне­мі жұмысбасты болғандықтан, аталған мәселелер туралы жеткі­лікті хабардар емес. Тіпті соңғы қо­ рытындылауда Қазақстан бұл көр­сеткіш бойынша 81­ден 100­орын­ ға сырғыған. Облысымызда ЖИТС жұқтырғандардың 26 пайызы бел­гілі бір қызмет атқарады, яғни тұ­ рақты жұмыстары бар. Жұмыс бе­рушілер аталмыш аурудың жұғу жолдары мен оны жұқтырған нау­ қастардың қоғамдағы құқығы жа­ йында толық хабардар болса, жұ­

Кәсіпкерлер ЖИТС жайлы біле ме?мыспен қамту көрсеткіші бұдан да жоғары болар еді. ЖИТС жы­ ныстық жолмен, парентераль­ды (қан арқылы) және пери­ натальды (анадан балаға) жолдармен ғана беріле­ді, ­ деді А. Мантакова.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансер директорының орын­ басары Татьяна Новокрещенко­ваның мәліметінше, Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемио­логиялық жағдай тұрақталған. Соңғы он жылда осы дертке шал­дығу жағдайы 2,4 есе азайып, өлім­жітім алты есеге төмендеген.

– Әрине, жұмысқа қабылдар алдында азаматтың медицина­ лық анықтамасын талап ету керек. Туберкулездің ашық формасы­мен сырқаттанған науқастардың барлығы стационарлық деңгейде емделеді. Ал ем­домды толық қабылдап, науқасынан айыққан адам қоғамға еш зиян әкелмейді.

Кәсіпкерлердің туберкулез бен ЖИТС жөнінде білімдері мол бол­ған сайын, олардың мекемелері де соғұрлым табысты бола түспек, ­ деді Татьяна Михайловна.

Шара соңында барлық қатысу­шыларға ақпараттық материал­ дар таратылып, сауалнама жүргі­зілді.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,«Орал өңірі»

Оралдың қос бірдей түле­ гі Руслан Қайыров пен Қазақстан жастар құра­

масының мүшесі Иван Антиповпен еңбек шарты жасалды. Осылайша Вахид Масудов жаттықтырған кез­де басқа командаға кетуге мәж­ бүр болған Р. Қайыров «Ақжайық­ қа» қайта оралды. Оған қоса ба­ тысқазақстандық командаға Се­ мей футболының түлегі, 26 жасар қорғаушы Әлібек Сәкенов алын­ды. Ол бұдан бұрын «Спартак» (Семей), «Алтай» және «Атырау» командаларында доп тепкен. Со­нымен қатар тәжірибелі жарты­

Түркияда қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайыққа» тағы бірнеше ойыншы алынды.

лай қорғаушы Игорь Худобякпен келісімшартқа қол қойылды. Отыз үш жасар футболшы «Карпаты» (Львов) клубында 2005 жылдан бері 309 матч өткізіп, 37 гол соқты. Соның ішінде соңғы маусымда 16 ойында бір гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берді. Сондай­ақ И. Худобяк 2013­2014 жылғы мау­ сымда ресейлік «Ростов» коман­дасының құрамында доп тепкен. Оған қоса Украина ұлттық құра­масы сапында алты кездесуде алаңға шыққан.

И. Худобяк – «Ақжайықтың» құ­ рамына алынған жетінші украи­налық футболшы. Команданы жа­ңа маусымға украиналық маман Владимир Мазярдың дайындап жатқаны белгілі.

Оқу­жаттығу жиыны барысында оралдықтар бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Даниялық «Тис­

тед» командасымен өткен ойында «Ақжайықтың» қосалқы құрамы бірінші таймда өз қақпасына үш гол өткізіп алды. Екінші таймда не­ гізгі құрам ойыншылары алаңға шығып, есені қайтара білді. Андрей Ткачук, Азат Ерсәлімов және Аде­ ринсола Эсеола мергендік таны­ тып, қос команда 3:3 есебімен тең тарқасты.

Украина бірінші лигасының өкі­ лі «Оболонь» клубымен өткен матчта В. Мазярдың шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетті. 75­ми­нутта А. Эсеоланың пасынан кейін И. Худобяк жалғыз голдың авторы атанды.

Батысқазақстандықтар Түркия­дағы соңғы жолдастық ойынын 28 ақпан күні ресейлік «Томь» клу­бымен өткізеді.

Ғайса БӘЙМЕН

Қайыров қайта оралды

Жәнібек ауданындағы Жасқай­рат ауылының белсенді жастары қысқы маусымда мұз астындағы балықтарды оттегімен қамту мақ­ сатында өзеннен бірнеше ойық ойып, оған қамыс салып, балық­тардың жаппай тұншығу қаупінің алдын алды. Мұның өзі қоршаған ортаны қорғау, туған жер таби­ғатын аялау екендігі сөзсіз. Ауыл жастарының мұндай игілікті іс­теріне үлкендер жағы шынайы ризашылықтарын білдіруде. Осын­ дай шаралар қаңтар айынан бері

Балыққа да бап керек

барлық ауылдық округтерде өту­де.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ,Жәнібек ауданы

kazfootball.kz

Page 12: Сіз қандай әкесіз?.. Орал өңіріoraloniri.kz › wp-content › oraloniri › news › img › 2018 › 02 › 24.pdf · Орал өңірі Газет 1917

кеРуен сАРАй12 Сейсенбі, 27 ақпан 2018 жыл

Құттықтаймыз!Жаңақала ауданы Бірлік

ауылының тұрғындары әкеміз Жанғали Ғұмарұлы БОРАШЕВ пен анамыз Клара Нахиқызы ГАБДЕНОВАНЫ жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты, мағыналы ғұмырдың биік бір белесі 70 жасқа алып жетті. Сіздер осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыздар. Осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешке­ німен, жеткен де бар, жетпеген де бар. Өзінің өнегелі өмір соқпа­ ғында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құр­ мет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан ата­ анамыз баянды өмір сүріп, бақыттың бағында ұл­қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере­жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын­туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалып­тарыңызды сақтап келесіздер. Біз сіздерді жан жүрегімізбен жар­ қылдай қуана құттықтап, мерекелі мерейтой күні сіздерге денсау­лығыңыз күйлі­қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір­қасиеттері­ ңіз зор болсын!

Өткен күннің артта қалып елесі,Тіршіліктің жылжи берер кемесі.Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған, Жетпіс жастың құтты болсын белесі.

Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас, Бала мен немеренің назына мас.Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,Тілейміз қуанышқа бөленгенін. Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,Қылығына қуанып шөберенің.

Тілек білдіруші: бала-келіндеріңіз Жарас-Айтолқын, Айбол-Венера, қыз-күйеу балаларыңыз Нұртас-Балауса,

Әсет-Салтанат, Еркін-Әйгерім, немере-жиендеріңіз

Теректі ауданы Аңқаты ауылының тұрғы­ны Зейнолла Сағидоллаұлы ОРАЗОВТЫ мерейлі 50 жасымен құттықтаймыз!

Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,Жалғанда тілек бар ма одан асқан?!Аман боп жанұяң мен бауырларың,Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан.

Құттықтаушылар: анаңыз Орынша, аға-жеңгеңіз Зайнолла-Альфия,

іні-келініңіз Дархан-Самал, Дарын, қыз-күйеу балаңыз Талғат-Дариға, немере-жиендеріңіз

Дулат, Айсезім, Амир, Альмира

Жаңақала ауданы Айдархан ауылы­ның тұрғыны Әлия Рысқалиқызы МҰСАҒАЛИЕВАНЫ 50 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің отбасымызға тастай батып, судай сіңген, ақжарқын, көңілі кең, іске алғыр, сұлу жеңешемізге зор денсаулық, бақ­бе­реке, ұзақ ғұмыр тілейміз. Ағамыз Бауыр­жанмен қоса ағарып, 50 жасыңызға тағы да 50 жас қосылуына тілектеспіз.

Тілек білдірушілер: Есетовтар әулеті

Қаратөбе ауданы Аққозы ауылының тұрғыны, сүйікті әкеміз Тұрсынбек ХАЙРУЛЛИНДІ мерейлі 40 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құтты болсын 40 деген жасыңыз,Аман болсын әрқашанда басыңыз.Бейнет көрмей қызығы мол өмірде,Әлі талай асулардан асыңыз.

Құттықтаушылар: анаңыз Тойған, зайыбыңыз Тоғжан, іні-келініңіз

Қосаман-Райгүл, күйеу бала-қарындасыңыз Еркін-Айнұр, ұлдарыңыз Ринат, Арман, Бекжан, Сержан

Жан жолдасы Әтембек Қоңыров 1939 жылы әскер қатарына алы­

нып, Отан қорғау міндетін атқарып жүрген кезінде бірден қан майдан­ ға аттанған. Соғыста желкесінен ауыр жараланған. Госпитальдан жазылып шыққаннан кейін де Еуро­па елдерін фашизмнен азат етуге қатысып, туған жеріне 1946 жылы ғана оралды. Жұбайы жеті жыл майданда болған кезінде анамыз Збира тылда аянбай еңбек еткен. Колхоздың ауыл шаруашылығы

жұмыстарына белсене араласып, аттан түспей, малдәрігерлік жұ­ мысын атқарған. Отағасы елге келгеннен кейін де Збира әже шаруашылық жұмыстарынан қол үзген емес. Ал Әтембек аға мек­ тепте ұстаздық ете жүріп, аудан, облыс көлемінде өткен алғашқы ақындар айтысына қатысып, об­ лыс ақыны атанған. Оның ақын­ дық өнері “Ақындар үні” деп ата­ латын жинаққа енген. Әтембек Қоңыров туралы мәліметтер ту­ған жері Қазталов ауданындағы

Қос ғасыр куәгері

Өткен аптаның соңында Ғ. Құрманғалиев атын­ дағы облыстық филар­

монияда Қазақстан Республика­ сының еңбек сіңірген қайратке­ рі, «Құрмет» орденінің иегері, Қа­ зақстан Композиторлар одағы­ның мүшесі, халықаралық «Қадыр Мырза Әли» қоғамдық қорының директоры, танымал әнші­компо­зитор Донеділ Қажымовтың «Дон­еділ» атты кітабының танысты­ рылымы өтті.

«Жігітке жеті өнер де аз» демек­ ші, Жайық жұртының жиі шыр­қайтын әніне айналған «Ақ Жа­ йық – ару мекенім» әнінің авто­ ры Донеділ Қажымов жерлесте­ ріне жаңа қаламгерлік қырынан танылды. Ол «Донеділ» атты тыр­нақалды туындысын өмірден ер­ те озған әкесі Ізмағамбетке ар­

нап, ардақты әкесінің жарқын бейнесін ұрпақтар жадында жаң­ ғыртуды және оқырманға өзінің шығармашылық өмір жолы тура­лы баяндауды мақсат тұтқан екен. Кітапқа естелік әңгімелер мен фотосуреттер де еніп, сазгердің әндері нотасымен қоса берілген.

– Донеділ Ізмағамбетұлы – Ақ Жайық өңірінен түлеп ұшып, өзі­ нің тума талантымен бүкіл рес­ публикаға танылған азамат. Оның «Ақжайық – ару мекенім» атты әні – халықтың ең сүйіп тыңдайтын әрі үлкен­кіші бірдей қосыла шырқайтын әндердің бірі. Донеділ Қажымов «Сегіз қырлы, бір сыр­лы» талант иесі. Оның ішінде саз­ герлігі мен әншілігі бір төбе, ұйым­ дастырушылық қабілеті бір төбе, оған қоса ағамыздың басшылық қызметін де ерекше атап өтуге

Екі ғасырды басынан өткізген анамыз Збира Дүйсенғалиқызы ту-ралы сыр шертпекпін. Збира Қоңырова 1918 жылы ақпанның 23 жұлдызында бұрынғы Фурманов ауданының Сүттігенді елді мекенінде өмірге келген.

Көктерек ауылының мұражайын­да сақталған. Ол 1965 жылы бұл дүниеден өтті.

Збира әжеміз зейнеткерлікке шыққанға дейін де еңбектен қол үзген жоқ. Еңбек ете жүріп, төрт қызының жоғары білімді маман болуына септігін тигізді.

Збира әжеміз Ұлы Отан соғы­сындағы жеңістің 20, 30, 40, 50, 60, 65, 70 жылдық төсбелгілері­мен марапатталған. Бүгінде әже­міз қыздарының жан шуағының арқасында 100 жасқа толып отыр. Қос ғасырдың куәгеріне айналған әжеге өзімнің жүрекжарды өле­ ңімді арнаймын.

Қош алды өзіңізді ғасыр­ғұмыр,Бұл биіктік – үлкен асу, асыл тұғыр.Мерейтойлық туған күн құтты болсын,Жырымыздан тұрсыншы шашылып нұр.Қиындық, ауыр жылдар артта қалған,Арамызда өзіңізсіз көңіліміздің сүйеуі,Анасыз басыңызға бақыт қонған.Ана деген тіршіліктің тірегі,Бар балаға жылу берер жүрегі.Жер бетінде аман болсын аналар,Бар баланың айтар осы тілегі.

Қанапия ЖҰМАҒАЛИЕВА, зейнеткер-ұстаз,

еңбек ардагері,Орал қаласы

Донеділ кітабы таныстырылды

болады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ғ. Құрманғалиев атын­дағы облыстық филармонияны басқарып, өңірдегі мәдениет пен өнерді дамыту жолында аянбай еңбек етті, – деді облыстық мәде­ ниет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадыр­болат Мұсағалиев.

Шара барысында тіл жанашы­ры Мақсот Берген, ҚР еңбек сіңір­

ген қайраткері, жыршы­термеші Қатимолла Бердіғалиев, Донеділ Қажымовтың бірнеше әніне сөз жазған оралдық ақын Болатқали Төлебаев, ҚР еңбек сіңірген мә­ дениет қызметкері, режиссер Айман Қуатова сөз алып, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Кеште Донеділ Қажымовтың бұрын орындалып жүрген танымал әндерімен қатар, Қазақстан Жур­налистер одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғали мен сазгер­әнші Ербол Ақбасовтың «Донеділ­Гүлнәр» атты жаңа әні облыс сах­насында тұңғыш рет орындалды. Ел­жұрт назарына «Басына бақ қонады өнерлінің» атты көрме ұсынылды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

« «

Суре

тті

түсі

рген

Р.

ХАЛЕ

ЛОВ

«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап?..»